ТАУДАҒЫ ДЕМАЛЫС ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

Табиғатта демалуды қош көретіндердің тағдыры келеңсіз жағдайлармен аяқталмауы тиіс. Демалушылар бастысы сақтық шараларын естен шығармауы керек. Шымкент қаласының құтқарушылары  азаматтарды барынша сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Ол үшін туристік жол бағытқа шығар алдында  «112»  құтқару қызметінің нөміріне хабарласып тіркелу қажет. Осы жерде жол бағытқа қатысты ақпарат алып, келетін уақытпен хабарласу уақытын белгілейсіздер. Тауға шығар алдын  таудағы жүріс-тұрыс  ережелерімен танысыңыз.   Ең бірінші кезекте жайлы киім мен аяқ киім таңдауға үлкен мән беру қажет, өзімен бірге алған заттардың арасында жылы киімдер, ұялы телефонға қосымша қуат көздері, қолшам және от жағуға арналған құралдар міндетті түрде болуы керек. Сонымен қатар, GPS-бағдарлаушының да болғаны абзал.

САЯХАТ КЕЗІНДЕ:

  • жол жүру кезінде ұзақ болса да неғұрлым қауіпсіз жол бағытын таңдау керек;
  • жол жүрер алдында ауа райының қолайсыздығы мен мүмкін болған кедергілерді ескере отырып қауіпті тосын жағдайларды барынша бағамдау керек;
  • уақытылы қауіпсіздік шараларын қолдана отырып тосын жағдайларға дайын болу және төніп келе жатқан қауіпті анықтай білу;
  • топпен ғана қозғалу керек, оның бөлінуіне жол бермеу;
  • қозғалыс жылдамдығын топтағы әлсізбен анықтау,  жол жүру бағытын қауіпсіздік мақсатында қысқартпау қажет;
  • өткелдерден түнгі уақыт пен нашар көрініс кезінде (туман) өтпеген дұрыс;
  • қауіпті аймақтардан, ағысы қатты өзендерден және жарықтардан сенімді сақтандыру құралдарының бар болған жағдай да ғана өту абзал;
  • Ең дұрысы, өз өмірлеріңізді  тәуекел етпегендеріңіз  дұрыс. Өйткені  таудағы демалыс аса үлкен қауіпсіздікті талап етеді. Адасып немесе өміріңізге қауіп төнетін болса құтқарушыларды шақырыңыз, олар әрдайым көмекке келеді.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері шымкенттік құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін тауға 4 рет шыққан. Нәтижесінде, 4 адам құтқарылды, оның ішінде 2 бала, 1 қайтыс болған.

О. Тұртбаев

Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және  авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары, әрі жедел-құтқару жасағының басшысы-құтқарушы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика