Компьютердің бала денсаулығына әсері

Компьютер біздің өміріміздің бір бөлшегі болып еніп отырғаны соншалықты біз тіпті оны пайдалау кезінде ол қандай қауіп-қатер әкелетінін де ұмытып кеттік. Бірақ, компьютермен жұмыс істеу барысында оқушылардың техника қауіпсіздігі ережелерін сақталуын талап етуіміз керек.

Компьютер бірнеше түрлі денсаулыққа қауіпті сәулелерді таратады. Көптеген электромагниттік сәулелерді зерттеулер нәтижелерінде оның денсаулыққа зияны көп екенін ғалымдар да дәлелдеген. Және компьютер электромагниттік кеңістік тудырады. Ол монитор экранынан зарядталған ағымдағы сәулелер бөлшектерін таратау кезінде пайда болады. Электромагниттік аумақ әсерінен щаң және аэрозолдық бөлшектер бетке, мойынға, қолға қонып, ал одан сезімтал адамдарда аллергия, терінің құрғаушылығы пайда болады. Электромагниттік аумақ ауаның ион қабатына әсер етіп, ондағы пайдалы зарядтарды жою әсерінен компьютерлер тұрған бөлменің ауасын нашарлатады. Ойлау жүйесі мен көру органдарына күш түсіреді, өйткені экранға жақын отырып, майда әріптерді, сандарды оқуға, ойлануға тура келеді. Экраннан пернетақтаға көзін алмастыра қарау барысында бала көзінің аккомодациялық жүйесін өзгертіп отырады. Осылардың бәрі көз бұлшықеттеріне күш түсіреді, оның үстіне экранның жарықтық тербелістері де оған әсер етеді.

Компьютерлік көру синдромы қолданушыларда экран алдында үздіксіз отырған екі сағаттан, төрт сағаттан кейін, барлығында алты сағаттан кейін алғашқы белгілері байқалады. Жүйке жүйелерінің қысқа уақытта қатты жұмыс істеуі жас баланың шаршауын тездетеді. Компьютер әсерінен қолданушылардың көру қабілеті төмендеумен қатар, дәрігерлер тағы бірнеше синдромдарды анықтайды. Яғни, ол синдромдар ЭЕМ (ЭВМ) қолданушыларда кездеседі. Олардың бірі ұзақ уақыт отыру синдромы, оның белгілері-қол, мойын, белдегі ауру болып табылады. Бұлшықет ұлпасының дем алуға мүмкіндігі болмағандықтан, олар қан айналымы төмендеп, зат алмасуы бұзылып, өнімнің түсуі көбейеді.

Қолданушының көру кеңістігінде ашық өткір жарықтар түспеуі керек, сол үшін терезе перде әлде жалюзбен жабылуы қажет. Бөлмеде компьютермен жұмыс істеу үшін арнайы табиғи, жасанды жарық болуы керек. Қабырға мен төбе жылтыр және беті жылтырамайтын шынылар болуы керек. Бұл көздің шаршамауына септеседі және жұмыстан көңілін аударады. Үй-жайда күнделікті дымқыл тазалық жүргізілуі керек.

А.А.Пернеева

Шымкент қаласы Қаратау ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқарма басшысының орынбасары

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика