2024-07-27

2017 жылдың 19 шілдесінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаменті дөңгелек үстел өткізілді

tories/001 — 21.jpg» border=»0″ />

2017 жылдың 19 шілдесінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаменті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалы  Шымкент қаласында «Сынақ» мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту және әлеуметтік құқықтарын қорғау, іске асыру бірлескен қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен денсаулықты қорғау жөніндегі мемлекеттік стандарттар жобаларын қарастыру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға 2017 жылғы Мемлекеттік стандарттау жоспарына сәйкес әзірленген стандарттардың жобаларымен таныстырылды.

Денсаулықты қорғау саласындағы келесі стандарттарға ескертулер түсті:

-ҚР СТ ГОСТ Р ISO 10535 — «Мүгедектерге арналған көтергіштер. Талаптар және сынау әдістері»;

-ҚР СТ ГОСТ Р ISO 10542-1- «Мүгедектер мен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған жүйелер мен техникалық құрылғылар. Кресло-арбаларды бекіту құрылғылары мен пайдаланушыларды демеу жүйелері. 1-бөлік. Барлық жүйелерге арналған талаптар мен сынау әдістері»;

-ҚР СТ ГОСТ Р 56100- «Мүгедектерді оңалтыру. Оңалтыру мекемелерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі».

Дөңгелек үстелде түскен ұсыныстардың хаттамаға енгізіліп «ҚазСтИН» РМК ақпараттық орталығына жіберілді.

А.Нарымбетова,

Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы

Яндекс.Метрика