Қазақстан Республикасының аумағында қолданысқа енгізілген ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАР ТУРАЛЫ

tories/01iso.jpg» border=»0″ />

Жыл сайын «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК қызметкерлері тарапынан аймақтағы кәсіпорын-өндірушілерді нормативтік құжаттармен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді шешуде үлкен жұмыстар атқаруда. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша жаңа өнімдерге қолданыстағы стандарттарлың жоқтығына байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардан ұлттық стандарттарды әзірлеуге ұсыныстар жинақталып, жинақталған ұсыныстар Мемлекеттік стандарттау бойынша жоспарға қосу үшін ҚР Инвестициялар және даму министрілігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне ұсынылды.

Осы жылы, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты»

2016 жылдың 26 желтоқсанындағы № 332-од Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығымен бекітілген 2017 жылға Мемлекеттік стандарттау жоспарына негізделе отырып әзірленуде.

ҚР СТ ГОСТ Р ISO 10535 — «Мүгедектерге арналған көтергіштер. Талаптар және сынау әдістері», ҚР СТ ГОСТ Р ISO 10542-1- «Мүгедектер мен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған жүйелер мен техникалық құрылғылар. Кресло-арбаларды бекіту құрылғылары мен пайдаланушыларды демеу жүйелері. 1-бөлік. Барлық жүйелерге арналған талаптар мен сынау әдістері» және ҚР СТ ГОСТ Р 56100- «Мүгедектерді оңалтыру. Оңалтыру мекемелерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі » стандарт жобаларын қарастыруға тиісті мемлекеттік органдарға, өндірушілерге, қолданушыларға жіберді.

ҚР СТ ГОСТ Р ISO 10535 — «Мүгедектерге арналған көтергіштер. Талаптар және сынау әдістеріне» арналған стандарт ISO 9999:2002 топтастырылуы бойынша келесідегідей тізбектегі көтергіштерге және денені сүйеуге арналған жүйелерге:

— жіппен ілінген орындықтары бар қолғалмалы көтергіштерге;

— тіке тұратын қозғалмалы көтергіштерге;

— қатты орындықтары бар қозғалмалы көтергіштерге;

— тік реттелінетін крандық арбаларға;

— қабырғаға, еденген, төбеге орналастырылған станционарлық көтергіштерге;

— басқа бұйымдарға немесе басқа бұйымдарға құрастырылып орнатылған стационарлық көтергіштерге;

— еркін станционарлық көтергіштерге;

— денені сүйеуге арналған көтергіштерге талаптарды және сынау әдістерін орнатады.

ҚР СТ ГОСТ Р ISO 10542-1- «Мүгедектер мен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған жүйелер мен техникалық құрылғылар. Кресло-арбаларды бекіту құрылғылары мен пайдаланушыларды демеу жүйелері. 1-бөлім. Барлық жүйелерге арналған талаптар мен сынау әдістеріне» арналған стандарт кресло-арбаларды бекіту құрылғыларына және пайданаланушыларды демеу жүйелеріне құрылымдарына, техникалық талаптарына және сәйкесінше сынау әдістеріне талаптарды орнатады, сонымен қатар жабыстырылатын жазбалары мен таңбалануына, тұтынушы нұсқаулықтарына, монтаждаушыларға және тұтынушыларға арналған ескертпелі жазбаларға талаптарды орнатады. Осы стандарт барлық кресло-арбаларды бекіту құрылғыларына қолдануға жарамды.

ҚР СТ ГОСТ Р 56100- «Мүгедектерді оңалтыру. Оңалтыру мекемелерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне» арналған стандарт оңалтыру мекемелеріндегі ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесіне, оның құрылымына және қызметтеріне, автоматтандырылған жұмыс орындарына, оларды ендіруге талаптарды орнатады.

Осы стандарт оңалтыру мекемелерінде ақпаратпен қамтамасыз етудің дамуын тездетуді келістіруге бейімделінген.

Оңалтыру мекемелеріндегі ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін стандарттау келесілерді жүзеге асыруға бағытталынған:

— мемлекеттік деңгейде адамдарды оңалтыруда ақпараттық қамтамасыз ету құрылымына;

— Қазақстан Республикасы субъектілері деңгейінде адамдарды оңалтыруда ақпараттық қамтамасыз ету құрылымына;

— оңалтыру мекемелерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне;

— мамандардың жұмыс орындарының автоматтандырылған жүйесіне;

— оңалтыру мекемелерінің ішінде өзара байланысты жалпы принциптерді;

— халыққа әлеуметтік қызмет ұсынуға қатысатын басқа да ұйымдармен өзара байланысты жалпы принциптерді;

— оңалтыру мекемелеріндегі кіріс және шығыс құжарттарының құжат алмасуының баспалы үлгілері және электрондық форматтағы талаптарды.

Жоғарыда келтірілген әзірленіп жатқан стандарттар Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық стандарттардың жоқтығына байланысты медициналық бұйымдарды мемлекеттік реестрге тіркеу кезінде туындайтын қиындықтардың алдын алуға және қажетті сынақтарды өткізу кезінде өз пайдасын тигізеді. Аталған стандарттар Кеден одағы техникалық регламенттерінің, халықаралық стандарттардың талаптары ескере отырып әзірленген.

А. НҰРТАЕВА,

Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша депратаментінің жетекші маманы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика