« 1 –Маусым Балаларды қорғау» күніне орай “Айгөлек”  балалар шығармашылық байқауының  қорытындысы туралы

Шымкент қаласы білім басқарамасының  «Мектепке дейінгі дамыту орталығының» жылдық жоспарына сәйкес және «1 –Маусым Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай мектеп жасына дейнгі   жастағы балалардың рухани –адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, мектеп жасына дейінгі өнерлі, талантты балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету мақсатында қала көлемінде меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйым бүлдіршіндерімен ұйымдастырылған « Айгөлек» балалар шығармашылық байқауының қалалық кезеңінің қортыныдысы бойынша өз өнерлерімен сахна төрінде 23 мектепке дейінгі ұйым өнерлерін көрсетіп, жиналған көреременге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Байқауды қорытындылай келе «Айгөлек» шығармашылық балалар байқауының жүлделі орынға №56 «Тұлпар» және ЖШС «Айжарық –Аяулым»  бөбекжай -бақшалары иемденді.

Үздік өнерлерімен №68 «Балауса», №31 «Салтанат», №61 «Нұртас», №95 «Алтын дән», №44 «Жанар», №36 «Ерке-Наз», №74 Айдана», №98 «Мерей» бөбекжай — бақшалары I- орынға ие болып, көрермендерді қуантты.

Өнерге деген құштарлықтары мен сахна жұлдыздары бола білген              №73 «Айжан», №126 «Шұғыла», №35 «Сәуле», №97 «Ақмарал, № 46 «Ақбөпе» , №13 «Ертөстік», ЖШС «Армантай», ЖШС « Балбота»  бөбекжай — бақшалары II – орынға ие болды.

Мың бұралған әнші,биші бүлдіршіндеріміз  №118 «Әсел», №34 «Ақжелкен», №26 «Самұрық», ЖШС «Ай-бике», «Бақ –Нұр Ел» бөбекжай — бақшалары  III –орынға  ие болды.

Ұлтымыздың мәдени өнер саласындағы жетістіктерін насихаттап, оның өркендеуіне ықпал жасау «Айгөлек» балалар шығармашылық байқауының басты мақсаты еді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Қатысушылар: Мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері,  педагогтар, ата-аналар.

Қызмет ақпарат

1517 символ

  • Related Posts

    Үйдегі қысым: Еркектік пе, әлсіздік пе?

    Кейде сырттай бәрі жақсы көрінетін отбасының ішінде үлкен қасірет жасырынып жатады. Көп әйел мен бала күнде қорқынышпен өмір сүреді – өйткені үйдің ішінде тыныштық жоқ. Себебі – үйдегі қысым, еркектің…

    Жастар арасындағы суицид: себептері мен алдын алу жолдары

      Соңғы жылдары елімізде жастар арасындағы суицид көрсеткіші алаңдатарлық деңгейге жетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 15–29 жас аралығындағы жастардың өлімінің негізгі себептерінің бірі — өз-өзіне қол жұмсау. Бұл сандық…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика