ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 700-ДЕН АСТАМ ЗЕЙНЕТКЕР САНАТОРЛЫҚ-ЕМДЕУ КУРОРТТАРЫНА ЖОЛДАНДЫ

 

Шымкентте 84 034 зейнеткер тұрады, оның ішінде ҰОС ардагерлері – 7 , тыл еңбеккерлері – 2 514 . Ал, көп балалы аналар саны – 55 814 , оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 11 224 құрап отыр.

Қалалық маслихаттың шешіміне сәйкес, биылғы жылы зейнет жасындағы азаматтарды санаторлық-емдеумен қамтамасыз ету мақсатында 9 238 ардагерлер мен зейнеткерлерді 3 санаторлық-емдеу (Ақсу-Жабағылы, Денсаулық, Айша бибі, Арыс) курорттарымен келісім шарттар түзіліп, қазіргі уақытқа дейін сегіз мыңнан аса өтініш қабылданып, 736 зейнеткерге санаторлық-емдеу курорттарына жолдама берілді.

Сонымен қатар, 2500 ардагер 1 және 2-і жартыжылдыққа тегін басылымдарға («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента», «Айқын» газеттер, «Ардақты ардагер» журналы) жазылды.

Айта кетсек, 2022 жылы жоғарыдағы санаттағы азаматтарға мереке мен атаулы күндерге арналған бір реттік және ай сайынғы көмек көрсетіледі.

Дәл қазір еліміз ауқымды экономикалық өзгерістер кезеңінде тұр. Мемлекетіміз жан-жақты дамып қана қоймай, экономикалық өсудің жоғарғы қарқынына жетуді мақсат етуде. Ал экономикалық өсудің жоғарғы қарқынына жету үшін саяси тұрақтылықпен қатар, мақсатты, жүйелі реформалар қажет екені сөзсіз. Осындай маңызды реформалардың бірі – зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің реформасы. Зейнетақы жүйесі реформасы қоғамымызда біршама уақыт талқыға түсе келе жақында соңғы нүкте қойылды. Яғни зейнетақы жүйесінің реформасы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін кері шегерілді.

Дәл қазір еліміз ауқымды экономикалық өзгерістер кезеңінде тұр. Мемлекетіміз жан-жақты дамып қана қоймай, экономикалық өсудің жоғарғы қарқынына жетуді мақсат етуде. Ал экономикалық өсудің жоғарғы қарқынына жету үшін саяси тұрақтылықпен қатар, мақсатты, жүйелі реформалар қажет екені сөзсіз. Осындай маңызды реформалардың бірі – зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің реформасы. Зейнетақы жүйесі реформасы қоғамымызда біршама уақыт талқыға түсе келе жақында соңғы нүкте қойылды.

Айта кетер жайт – елімізде зейнетақы жүйесі реформасы, оның ішінде ерлер мен әйелдердің зейнетке шығу жасын ұзарту секілді өзгерістер бұған дейін де уақыт өте жоғарылап келген еді. Мәселен, 1998 жыл­ғы 1 қаңтарға дейін республика бо­йын­­ша зейнетақыға әйелдер – 55 жастан, ал ерлер 60 жастан бастап шығатын. Ал 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап ер­лер – 61 жасында, әйелдер – 55 жасын­да, 1999 жылдың 1 шілдесінен бастап ерлер – 62 жасында, әйелдер – 57 жа­сын­да, 2000 жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер – 62,5 жасында, әйелдер – 57,5 жасында; 2001 жылдан бастап ерлер – 63 жасында, әйелдер 58 жасында зей­нетке шыға ала­тын болды. Халықтың өмір сүру жасының ұзаруы мен елдегі зейнет­кер­лер са­ны­ның халықтың жұмыс істейтін бөлігі­мен сәйкес келмеуі әлі де болса зей­неткер­лікке шығу жасын ұзартуды талап етіп отыр. Және бұл ахуал жалғыз біздің ел­ге ғана емес, әлем елдеріне тән үрдіс болуда.

Жалпы, еліміздегі зейнетақы жүйесіне қатысты реформалар сәтті жүзеге асып келе жатыр деуге болады. Мәселен, ең төменгі зейнетақы мөлшерінің 2010-2013 жылдар аралығымен салыстырғанда, ай­тар­лықтай көп мөлшерде өскенін байқай­мыз. Егер 2010 жылы ең төменгі зейнет­ақы қоры 18 325 мың теңгені құраса, 2013 жылы бұл сома 28 396 мың теңгені құрап, 10 071 мың теңгеге өскені байқалып тұр. 1998-2012 жылдар аралығын қамтығанда ең төменгі зейнетақы мөлшері – 11 есеге, яғни 2 440 теңгеден 26 211 теңгеге дейін орташа зейнетақы мөлшері – 10 есеге, 3 964 теңгеден 38 765 теңгеге дейін, ең жоғары зейнетақы мөлшері – 7 есеге, яғни 7256-дан 56 047 теңгеге дейін артқанын ста­­тистика көрсетіп отыр. Зейнетақы мөл­шерінің қоғамдағы өзгерістерді ескере өсіп отыруы халықтың әл-ауқаты­ның артуына тиімді жағдай туғызғанын аң­ғар­тады. Осыны байқаған шетел маман­дары Қазақ­станның жинақтаушы зейнета­қы жүйесінің қызметін жоғары бағалаған. Сон­дықтан еліміздегі зейнетақы жүйесі ре­фор­масы елдегі жағдайды ескере отырып жүзеге асып отыр деуге толық негіз бар.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика