ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЛА – ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ

 

Бүгін Шымкент қаласында «Таза қала – өзіңнен басталады» атты акция аясында алғашқы жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікте Шымкент қаласы Абай ауданына қарасы Жаңаталап елі мекенінің тұсынан ағып өтетін Бадам өзенінің жағалауы тазаланды.

Тазалық шарасына шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков бастап қала әкімі аппаратының, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, әкімдікке қарасты барлық салалық басқармалардың, аумақтық органдардың, мемлекеттік және жеке меншік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері мен ерікті жастар қатысты. Сонымен қатар Бадам өзенінің жағалауын тазалауға Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ және Алтынтөбе елді мекендерінің тұрғындары да атсалысты.

Сенбілікке жиылғандар өзен сағасын күл-қоқыстан тазартып, арнайы техниканың көмегімен сыртқа шығарды. Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманқұловтың айтуынша, бүгін сенбілік ұйымдастырылып жатқан Бадам өзенінің жағалауына алдағы уақытта ағаш көшеттері отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуі жоспарланып отыр.

Айта кетейік, «Таза қала – өзіңнен басталады» атты акция қазан-қараша айларында тұрақты түрде жалғасып, осындай ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.

«Шымкент келбеті»,
Фото: Серік Қосаев

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика