Игілік тұрғын алабының тұрғындары тарапынан асфальт жол салу туралы өтінішіне жауап берген қала әкім осылай деді.
Жергілікті тұрғындар әкіммен болған кездесу барысында бұдан бөлек, тозығы жеткен электр жарығын ауыстыру, бадам өзені жағалауын қоршау, интернетпен қамту мәселесін көтерді.
Бадам өзені жағалауын бекіту жұмыстары қолға алынғанын айтқан Мұрат Әйтенов алдағы уақытта ЖСҚ әзірленіп құрылыс жұмыстары жүргізілетінін, бұл жұмыстарға 31 млн теңге қаржы бөлінгенін жеткізді. Ал, интернетпен қамту бойынша сұраққа әкім базалық станция орнату жұмыстарына жер анықталып, инвестор тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын, 2022 жылдың соңына дейін аяқалатынын жеткізді.
Мемлекет басшысының елді мекендерді дамыту бойынша берген тапсырмасына сәйкес, қала әкімі бұл бағытта тиісті жұмыстардың жүйелі түрде жалғасатынын айтты.
Игілік тұрғын алабында 1319 тұрғын үй онда 8 мыңнан астам тұрғын тұрады. Халық 100 пайыз сапалы ауыз сумен және көгілдір отынмен қамтылған болса, 694 үй мемлекеттің жарығымен, 625 үй жеке меншік электр жарығымен қамтылған. Ал, 694 үйдегі тозығы жеткен электр желілерін ауыстыру бойынша 2022 жылы 10,9 шақырым электр желілерімен 5 жаңа трансформатор және 397 ЖБИ бағаналары орнатылатын болады.
Қызмет газеті
Leave a Reply