2024-07-22

ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ

 

«Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз», деп атап өткен болатын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кету керек, Оқушылар сара­йындағы үйірмелер бала мен ата-ана­ның талабына, сұ­ранысына қарай жұ­мыс жүр­гізеді. Соңғы үш жылдық жұ­мыс­қа жасалған мониторинг нәти­жесінде қазіргі жастардың ұлттық өнер, қолөнер және спортқа деген қызығушылығы арт­қаны байқалады. Әлбетте балалардың ұлттық қол­өнерге деген ынтасы бөлек. Соның бір айғағы, үйірмеде сәндік-қолданбалы қолөнердің ең көне және кең тараған түр­лерінен тоқыма тоқу, ою-өрнек­тер ою, киіз басу, түрлі киім үлгі­лерін тігу, гобелен тоқу, был­ғары және ағаш өңдеу, зергерлік бұйым жасау бо­йын­ша алғаш­қы сызбаларды қағазға түсіру секілді жұмыстарды оқушылар ықыласпен орындауда. Бәсекелестік белең алған бүгінгі на­рықтық заманда ұлт­тық қолөнерімізбен танылып, осы күндері таңсық болған ежелгі бұйымдарымызды жас ұрпақтың қолымен жаңғырту да Оқушылар сарайының бас­ты мақсаттарының бірі. Соның нәтижесінде келешекте үйірмеде тәлім алып шыққан қолөнерші жастар небір кәдесыйлар, көздің жауын алар зергерлік бұйымдар жасап, қазақтың қолөнерін жан­дандыратыны ақиқат. Бұл сондай-ақ жастардың нарықтық экономикаға тез бейімделуіне және қол­өнершілік бағытта жеке кәсіптерін ашуға көмектеседі. Осы орайда Тұран шағынауданында Оқушылар сарайының құрылысы басталды. Қала әкімі М.Әйтенов жауаптылармен бірге құрылыс алаңында болып, жұмыс қарқынын қадағалады. Заманауи талапқа сай бой көтеретін ғимаратта  оқушылардың сабақтан тыс уақытта әр түрлі үйірмелерде шығармашылық, спорттық, ғылыми, мәдени бағытта дамуына барлық жағдай жасалады.   3 блоктан тұратын 3 қабатты ғимараттың жалпы сыйымдылығы 500 орындық. Жобада 35 орынға арналған асхана, 80 көлікке арналған автотұрағы қарастырылған. Құрылысы мамыр айында басталған ғимарат жоспарға сай келесі жылы қолданысқа беріледі.  Құрылыс жұмыстарына  әзірге 50 адам  4 техника жұмылдырылып отыр. Осыған дейін мұнда жер қазылып, іргетасының жартысынан астамы құйылған. Қазір қабырғалар тұрғызылып, бағаналар орнатыла бастады. М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыстың өндірістік кестеге сай жүргізілуін бақылауға алып, сапасыздыққа жол бермес үшін жұмыс барысында тиісті талаптарды назарға алу қажеттігін ескертті.  Айта кетейік, қалада 2025 жылға дейін тағы 3 оқушылар сарайы мен 8 өнер мектебі салынады. Бұл орталықтар өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда, жан-жақты дамытуда маңызы зор.

Қызмет ақпарат

2000 символ

Яндекс.Метрика