2024-09-08

ШЫМКЕНТ: ЖАСТАРЫ БЕЛСЕНДІ ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ ЖАРҚЫН

Қай кезді алып қарасақ та қоғамның қозғаушы күші – жастар. Шымкент жастары барлық салада белсенділігімен ерекшеленеді. Ресми дерекке сүйенсек, қалада 14 және 35 жас аралығында 362 980 жас тұрады. Яғни, мегаполис халқының 32 пайызын жастар құрайды. Шаһарда орын тепкен 9 жоғарғы оқу орнында 115 064 студент білім алады. Орта арнаулы оқу орындарының саны – 38, оның 11-і мемлекеттік, 27-і жекеменшік. Онда 45 622 жас білім алады. Жалпы қала жастарына  төрт «Жастар ресурстық орталығы»  қызмет көрсетеді. Төрт ауданда орналасқан орталықтарда 2023 жылдың алғашқы тоқсанында 8200 жасқа қызмет көрсетілген.

–Жастар ресурстық орталықтарында жыл басынан бері 113-іс-шара ұйымдастырылып, оған 38 мыңнан астам жас тартылды. Арнайы құрылған мобильді топтар ұдайы жастарға қажетті деген мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттарды жеткізіп, түсіндіріп отырады. Олардың маңыздылары  –тұрғын үй және жұмыспен қамту бағдарламалары, — дейді «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Мағжан Исахов. Жастардың үлкен реформалардағы қоғамдық және саяси рөлін күшейту барлық халықтарға ортақ. Бұл жастардың модернистік жағдайларға бейімделу деңгейінің биік һәм жоғары болуымен немесе жаңашылдыққа деген ұмтылысымен байланысты. Сондықтан олар қоғамдағы өзгерістерден шеткері бола алмайды. Яғни қоғамның өркендеуі, дамуы, болашаққа деген айқын және сенімді көзқарасының орнығуы — осы қоғамдағы жастардың мәдени-әлеуметтік концепциялық сипатымен байланысты. Мінекей, адамзат мәдениеті мен өркениетінің бүгіні мен келешегі осы бір «жастар» терминінің тікелей иеленушілері, яғни жастардың әлеуметтік және мәдени белсенділігіне байланысты екені сөзсіз. Жастардың дамуының сапасы да, жастарға деген модерндік пікірлердің қалыптасуы мен орнығуы да мына бір үш фактормен байланысты — жастар қызметінің әлеуметтік және мәдени негіздері, жастар саясаты мен оның мәдени бетбұрыс жиынтығы, қазіргі өмірдің мәдени және әлеуметтік табиғаты. Яғни жастардың гиперактивтілігі әлеуметтік жүйенің деңгейіне, елдегі әлеуметтік және саяси өзгерістерге, демоктариялық реформаларға, мәдени және рухани құндылықтарға, ұлттық салт-дәсүрлерге, мәдени құндылықтардың негізін анықтау үшін барлық уақытта жастардың іс-әрекетінің заңдылығына байланысты. Бұл дегеніміздің жастардың гиперактивтілігі мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты жоюға ұмтылудан, өзгерісте болатын мәдени және әлеуметтік ортада өздерінің құқықтарын қорғауға шешім қабылдаудан, қоғамдағы өз орны мен рөлін алуға ұмтылудан туындайды. Осындай сыртқы және ішкі әлеуметтік-мәдени бағдармен байланысты жастардың тұжырымдамасында жастардың белсенділігі мен оған деген көзқарастарды әр түрлі қабылдау мен таратудың қалыптасуы заңдылық.

Қызмет ақпарат

2000 символ

Яндекс.Метрика