ШЫМКЕНТ: АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙЛАСТЫРЫЛҒЫН СҰХБАТ

Бүгін «Ontustik» телеарнасында 6 шілде – Астана күніне орай түсірілім жасалды. Түсірілімге «Шымкент келбеті» газетінің бас редакторы Б.Тайжан, қалалық опера және балет театрының солисі, өзбек этносының өкілі Н.Зкруллаев, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы, ҚР Мәдениет қайраткері А.Исаева, қалалық Әл-Фараби әмбебап кітапханасы балалар секторының меңгерушісі С.Еңсебекұлы қатысып, Елордаға қатысты мәселелер бойынша жан-жақты ой өрбітіп, талдау жұмыстарын жүргізді.

Түсірілім барысында Сайрам тұрғын алабында тұратын өзбек этносының өкілі, 11 сынып оқушысы М. Құрбанходжаева «Туған жер», Н.Зкруллаев «Қазақстан-Отаным» әндерін шырқады.

Биыл Астана қаласына 25 жыл толды. Еліміздің өсіп – өркендеуі жолындағы табысты жұмыстардың қай – қайсысы болмасын, Астана қаласымен тығыз байланысты. Еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуы Астана қаласынан бастау алды. Барлық ірілі – ұсақты шаралар Астанада жүзеге асырылуда. Жүздеген жылдар бойы сан сүрлеуден өтіп, ерен ерлікпен еркіндікке қол жеткізген Тәуелсіз Қазақстан халқының тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі – Сарыарқаның төрінен Астана қаласының салынуы десек, қателеспейміз. Бұған дейін Ақмолинск, Целиноград, Ақмола, Нұр-Сұлтан деп те аталған қала 1997 жылдың 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының бас қаласы болып келеді. Тәуелсіз Қазақстанға жаңа астана салу еліміздің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы екенін барлығына белгілі. Дегенмен, елорданы Алматы қаласынан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім 1994 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде қабылданғанын және астананы ресми түрде көшіру 1997 жылдың 10 желтоқсанында жүзеге асырыла бастағанын көпшілік біле бермейді. Ал, 1998 жылдың 6 мамырында Президент Жарлығымен Ақмола деген атау «Астана» болып өзгертіліп, жаңа атауға ие болған астананың халықаралық ашылуы 1998 жылы 10 маусымда өткен. Сондай-ақ, «6 шілде – Астана күні» деп белгіленіп, жыл сайын бұл күн мереке ретінде мемлекеттік деңгейде тойланып келе жатыр. Демек, биыл Тәуелсіз Қазақстанның астасына 25 жыл толып отыр.
Астанамыз көркейіп, еліміздің мәртебесі асқақтай берсін.

 

Қызмет ақпарат

1927 символ

  • Related Posts

    ИЗ ИСТОРИИ ФОРМИРОВАНИЯ И ФУНКЦИОНИРОВАНИИ 30 ЛЕТ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА: АНАЛИЗ, ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ ГЛАЗАМИ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ ГОРОДА ШЫМКЕНТ

    ИЗ ИСТОРИИ ФОРМИРОВАНИЯ И ФУНКЦИОНИРОВАНИИ 30 ЛЕТ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА: АНАЛИЗ, ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ ГЛАЗАМИ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ ГОРОДА ШЫМКЕНТ Ассамблея народа Казахстана — уникальная модель Казахстана во всем мире, поддерживающая…

    Глава государства на встрече с представителями отечественного бизнеса поручил Правительству дополнительно проработать вопрос по ставке НДС

      Любые нововведения должны проводиться на основе всестороннего анализа и продуманной стратегии. Нужно проработать разные варианты, учитывающие специфику отраслей экономики. Я раньше на этот счет не высказывался, поскольку каждое мое…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика