Қоғам күткен мәселе – жолдауда айтылды!

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жасыратыны жоқ, қазіргі уақытта әлемдік геосаясат ушығып тұр. Мұны мемлекет басшысы да айтты. Санаулы уақыт ішінде бір ғана елдің емес, күллі жаһанның болашағына әсер ететін шешімдер қабылданып жатыр. Дәл осындай жауапты кезеңде қоғамның сан түрлі саласының қатар дамуы үшін жалпы мемлекеттің басты мақсаты, даму бағдары айқындалуы тиіс. Осы орайда, бүгін жарияланып отырған құжаттың маңызы зор, мәні жоғары. Саяси оқиғалардың шиеленісуі экономикаға ауыр зардаптар әкелумен қатар зор мүмкіндіктер кезеңін тудыратыны белгілі. Аталған мүмкіндікті еліміз қолдана алды деп есептеймін. Мұны мемлекет басшысы да тілге тиек етті. Еліміздің экспорттық әлеуеті артты. Сауда-саттық күшейді. Әйткенмен дәл қазіргі қалпымызда қала алмасымыз анық. Сондықтан ел президенті өнім шығаратын кластер құру тапсырмасын жүктеді. Жасыратыны жоқ, соңғы уақытта Шымкент қаласында көптеген өндіріс орындары ашылды. Инвестициялық жобаларды қолдау барысында импорттық өнімдерді алмастыруға ықпал ететін бастамаларға басымдық берілді. Осының өзі өңірімізде мемлекет басшысы атап айтқан жұмыстардың жанданып жатқанын айғақтайды. Экономиканы әртараптандыру арқылы өндіруші мемлекеттен өңдеу өнеркәсібі дамыған елге айналу – заман талабы. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар мемлекет басшысының жүктеп отырған тапсырмасымен жандана түседі деген ойдамын. Оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігі де бар. Әлемдегі логистикалық тізбектің бұзылуымен базардағы бағаның қымбаттап шыға келгенін әлеумет ұмытқан жоқ. Сондықтан бұл бағыттардың қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызы зор. Мемлекет басшысы атап айтқан тағы бір басым бағыт – қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту. Мұның маңызын әлемде болып жатқан оқиғалар айқын көрсетті. Қазіргі таңда импортқа иек артып, өзгеге сенуге әсте болмайды. Қуатты әскер – қоғам тұрақтылығының кепілі. Сондықтан әскерімізді жоғары технологиялы қару-жарақпен, әскери техникамен, оның ішінде мемлекет басшысы атап айтқан бронды техникамен, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарымен, қазіргі заманғы атыс қаруларымен жабдықтаудың маңызы зор. Бүгінгі Жолдауда айтылған бағыттар мен жүктелген тапсырмалар қорғаныс саласының тамырына қан жүгіртіп, қуатты әскер жасақтауға негіз болады деген ойдамын.

 

Қызмет ақпарат

2000 символ

 

  • Related Posts

    ИЗ ИСТОРИИ ФОРМИРОВАНИЯ И ФУНКЦИОНИРОВАНИИ 30 ЛЕТ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА: АНАЛИЗ, ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ ГЛАЗАМИ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ ГОРОДА ШЫМКЕНТ

    ИЗ ИСТОРИИ ФОРМИРОВАНИЯ И ФУНКЦИОНИРОВАНИИ 30 ЛЕТ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА: АНАЛИЗ, ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ ГЛАЗАМИ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ ГОРОДА ШЫМКЕНТ Ассамблея народа Казахстана — уникальная модель Казахстана во всем мире, поддерживающая…

    Глава государства на встрече с представителями отечественного бизнеса поручил Правительству дополнительно проработать вопрос по ставке НДС

      Любые нововведения должны проводиться на основе всестороннего анализа и продуманной стратегии. Нужно проработать разные варианты, учитывающие специфику отраслей экономики. Я раньше на этот счет не высказывался, поскольку каждое мое…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика