«Бүгін біз мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің аясында көптен күткен «Bilim-Life»сақтандыру өнімімізді шығарғанымызды және оны көпшілікке таныстыратынымызды мақтан тұтамыз. Әрине, «Bilim-Life» сақтандыру нарығында бұл бірегей сақтандыру өнімі болып табылады. Оның пайда болуын біз еліміздегі сақтандыру саласындағы «нағыз серпіліспен» салыстыра аламыз. Өйткені, бүгінгі күнге дейін Қазақстанда бірде-бір сақтандыру қызметі мемлекет тарапынан сыйақы алған жоқ. Әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, сақтандыру қоғамдастығы мен мемлекеттік институттардың белсенді жұмысының арқасында бізде мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында жаңа мақсатты сақтандыру өнімі пайда болды. Ата-аналардың болашақта баласына берік іргетасын қалау мақсатында, оған жақсы білім беріп, оның ересек өмірге дайын болуықаншалықты маңызды екенін бәріміз түсінеміз. Енді, міне кез келген қазақстандықата-ана өз баласын оқытуға «Bilim-Life»сақтандыру бағдарламасының арқасында жинақтау сомасына 5% мөлшерінде мемлекет сыйлықақысын ала алады, ал көпбалалы ата – аналар жылдық 7%-бен қаражат жинақтай алады», – деп түсіндіреді басқарма төрайымы Ж. А. Жұбаниязова.
«Bilim-Life» бағдарламасы өте қарапайым өнім, оны алудың да жолдары оңай. Өз балаларының болашақ білімі туралы ойланатын клиент олардың жасын ескере отырып, жинақтаушы бағдарламаның мерзімін және сақтандыру сыйлықақыларының өзіне ыңғайлы мөлшерін таңдайды. Бұл ретте «Bilim-Life» бойынша сақтандыру жарналарының мөлшері айына ең аз дегенде 3 АЕК-тен басталады және оның мөлшері шектелмейді. Мысалы, ата-аналар қазір 7 жастағы баласына «Bilim-Life» бағдарламасы бойынша 10 жылға шарт жасасуды ұйғардыделік. Оның 17 жылдығына орай білім алуға жеткілікті соманы, яғни 10 млн теңгені алу үшін оларға ай сайын 42 мың теңгеден жарна салып отыруы қажет. Жинақтау мерзімі аяқталғаннан кейін бұл сома бала оқитын білім беру мекемесінің шотына түседі. Бұл өнім өте тиімдіекені айдан анық, өйткені клиент барлық 10 жыл ішінде өзінің жинақталған қаражатына сақтандыру Компаниясының кірістілігі (2,3 млнтеңге) және мемлекеттен сыйлықақы (2,6млн теңге) есебінен қомақты қосымша соманы алатын болады. Алайда, бұл өнімнің ең басты басымдығы сақтандырылған ата-ана үшін сақтандыру қорғанысының болуы. Шынында да, сақтандырудың бүкіл мерзімі үшін, ал бұл мерзім 20 жылға жетуі мүмкін, клиент кез-келген себеппен мүгедек болудан немесе өмірденқайтыс болудан сақтандырылған. Сондықтан сақтандыру Компаниясының клиенттері «Bilim-Life»бағдарламасы бойынша балаларының ата-аналарымен қандайда бір жағымсыз жағдай орын алса да, жоғары оқу орнына түскен кезде барлық соманы алуға кепілдік берілетініне сенімді бола алады.
«Bilim-Life» өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы – бұл сақтандыру қорғанысын ғана емес, сонымен қатар әрбір ата-анаға өте маңызды қаржылық мақсаттарды жүзеге асыруға көмектесетін бірегей және икемді қаржы құралыекені сөзсіз. Біз бұдан да бұрын өмірді сақтандыру нарығында «Bilim-Life»флагмандық өнімдердің бірі болады деп айтқанбыз. Әрине, әрбір ата-ана бағдарламаны сатып алу туралы неғұрлым ертерек ойласа, бала университетке түскен кезде оның отбасында оны оқыту үшін жеткілікті сома болу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады және ол үшінотбасылық шығындарды азайтуға немесе ақшаны қарызға алудың қажеті жоқ»,- деп атап өтті Басқарма төрағасының орынбасары А. З. Джексембаев.
«Bilim-Life» өмірді сақтандырудың басқа өнімдеріменсалыстырғанда, атап айтқанда сақтандыру шартының бүкіл қолданылу мерзіміне жоғары кепілдендірілген кірістілік мөлшерлемесімен және мемлекеттен сыйлықақымен бәсекелестік артықшылыққа ие.
Сондай-ақ, егер бала білім беру грантын алатын болса, мұндай жинақтарды сақтандыру Компаниясынан инвестициялық табыспен және мемлекет сыйлықақысымен алуға немесе басқа балаға сақтандыруды қайта ресімдеуге болады.
Бұдан басқа, «Bilim-Life» бағдарламасы бойынша жинақтыңмөлшері бойынша шектеу жоқ және осы жинаққа сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры толық кепілдік береді және Компания клиенттерінің салықтарды үнемдеуге – салық салынатын кірісті сақтандыру сыйлықақыларының сомасына (күнтізбелік жылда 320 АЕК-ке дейін) азайтуға мүмкіндігі болады. Бұл ретте сақтандыру жарналарының мерзімі мен мөлшері шектелмейді. Барлық сұрақтарды Компанияның байланыс орталығынан 7123 нөмірі бойынша хабарласып, анықтауға болады.
Анықтама үшін: «Халық-Life» АҚ – «Халық-Life» өмірді сақтандыру бойынша Қазақстан Халық Банкінің еншілес компаниясы» АҚ 2005 жылы құрылған. Компанияның меншікті капиталы 56,4 млрд теңгені құрайды. Халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі бойынша оның қаржылық тұрақтылықтың рейтингісі «ВВВ-» деңгейіндегі және қазақстандық ұлттық межесі бойынша «kzAAA» дәрежесінде. Рейтингтердің болжамы – «Тұрақты». АМ Best халықаралық рейтингтік агенттігі бойынша қаржылық тұрақтылық рейтингісі «B+» деңгейінде және кредиттік рейтингісі «bbb-» деңгейінде. «Халық-Life» АҚ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ қатысушысы болып табылады. Оның жалғыз акционері Қазақстанның ең ірі банкі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына Лицензиясы 2006 жылы берілді. Компанияның Лицензиясы жаңа өнімді алумен байланысты 2022 жылғы 28 желтоқсанда №2.2.12 болып жаңартылды.
Leave a Reply