Шымкент –көрікті қала. Түндері де жап-жарық. Көше шамдары қаланың ажарын ашып, жарқырай түсті. Енді шым шаһардың түнін де әнге қосуға болады.
Қаланың көшелерін жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Соңғы екі жылдан бастап, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында жарықтандыру жұмысы жүзеге асып, 104 көшеге жарықшамдар қойылды.
Нәтижесінде, орталық, әлеуметтік маңызы бар 747 көшенің 324-і жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 43,4 пайызға жетті. Бүгінгі күнге дейін, 87 көшеге жарықшамдар орнату құрылысы аяқталып, 61 көше жарықшамдары қосылды. Жыл соңына дейін барлығы 102 көше жарықтандырылып, Шымкент көшелерінің түнгі жарықпен қамту көрсеткіші 57 пайызға жетеді.
Мойындау керек, қала тұрғындары осы күнге дейін көшені жарықтандыру жөнінде жиі шағымданып келген болатын. Қазір ондай шағымдар азайған. Жалпы Шымкентте орталық маңызға ие 747 көше бар. Өткен жылы 39 көшеге жарық жүйесі орнатылса, 4 көшеде қайта құру жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде көшені жарықпен қамту 25 пайыздан 31 пайыздан асты. Ленгір тас жолы бойындағы ескі шамдарды диодты шамға ауыстырылды. Қосымша жарық жүйесін орнатуға 161,2 млн теңге қаржы қаралып тиісті жұмыс атқарылды. Ал биыл түнгі жарықпен қамту көрсеткіші 57 пайызға жетті. «Қазіргі таңда, шаһардағы 228 көше мен 8 саябақ, 32 гүлзар және 1026 көпқабатты тұрғын үй ауласында 43 016 дана түнгі жарық шамы жарқырап тұр. 2021-2023 жылдары көшені жарықтандыру мен оны күтіп ұстау бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 16,4 млрд теңгеге бірқатар жобалар жүзеге асырылады» — дейді жауаптылар.
Жоба аясында 312 көше жарықтандырылып (Абай ауданы: 83 көше, Әл-Фараби ауданы: 42 көше, Еңбекші ауданы: 89 көше, Қаратау ауданы: 98 көше), энергия үнемдейтін LED шамдар орнатылады. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 70 пайызға жетпек.
Осылайша Шымкентт тұрғындар үшін қолайлы қалаға айналады.
2023 жылы 106 көшені жарықтандырып, қамту көрсеткішін 70 пайызға өсіру көзделген.
Leave a Reply