2023-02-09

ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ «ТАРТЫМДЫ» БОП ТҰР

Spread the love

Шымкент қаласы мегаполис атанғалы аумағы кеңейе түсті. Жақын аудандардан елдімекендер қосылды. Бұл еліміздегі үшінші мегаполистің ауыл шаруашылығы әлеуетін одан әрі арттыра түсті. Бүгінде қаланың аумағы 117 мың гектарды құрап отыр.  Оның ішінде жалпы ауыл шаруашылығы жері 62,971 мың гектарды (егіс жерлері, жайылымдар) құрайды.

Қалалық ауыл шаруашылығы бастқармасы 2022 жылдың 10 айын қорытындылады.  Жылдық қорытындыда еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру туралы болжам жасап отыр.

2022 жылдың өткен 6 айында салада 6,0 мың адам жұмыс істесе, 1 жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі 2 миллион  4 мың теңгені құрап, өсімі 89,2 пайызға жетті.

Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш – 4,5 млн теңге жетеді.Бұл болжамды көрсеткіштер. Жалпы 2022 жылдың қорытынды деректері 2023 жылдың сәуір айында толықтай қалыптасатын болады.

 

Қаладағы Агро-индустриалды аймақта 30-ға тарта ауыл шаруашылығы өнімдерін сұрыптау, дайындау, буып-түю, қайта өңдеу кәсіпорындары мен өнеркәсіптік жылыжайлар орналасқан.
Қазіргі таңда, агро-индустриалды аймақтың 136 га жер учаскесі «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ теңгеріміне рәсімделіп, аталған аймақта сыртқы инфрақұрылым (электр энергиясы, су, газ, жылу, канализация) мемлекет тарапынан жүргізілді. Яғни, инвесторларға инфрақұрылымдары жүргізілген дайын жер телімдері ұсынылып отыр. Кәсіпкерлердің әсіресе, жылыжай салуға ықыластары жоғары. Олай болатыны

 

Шымкент қаласында жылыжай шаруашылығын жүргізуге бірқатар артықшылықтары бар. Олар:
– ауа райының қолайлы болуы (қысы, жазы жылы ауа райы);
– жұмыс күшінің көп болуы және олардың арзандығы;
– жергілікті шаруашылықтардың аталған шаруашылықтарда тәжірибесінің молдығы (жаңадан шаруашылық бастаушыларға тәжірибе алмасуға қолайлы);
– энергоресурстарының жеткілікті көлемде болуы (су, электр жүйелері және газ);
– орналасуы (өндірген өнімді өткізу пункттерінің, базалар мен магазиндердің жақындығы);
– экспорттық потенциалы зор (Батыс қытай және Батыс Еуропа, теміржол және т.б. жол тораптарың бойында орналасқан қала);
– жылыжай құрылысына қажетті құрал жабдықтарды шығарушы мекемелердің қалада орналасуы (Құрылыс барысында кететін шығын көлемін азайтады).
Осы факторларға сүйене отырып қала аумағында жылыжай шаруашылығымен айналысу өте қолайлы екендігін түсінуге болады.

 

Яндекс.Метрика