Шымкентте БОКСТАН БЕЙЖІҢ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ ЕРКЕБҰЛАН ШЫНАЛИЕВТІҢ СПОРТ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ  

Шымкенттен шыққан спорт саңлағы көп. Соның бірі Еркебұлан Шыналиев. Бокстан тарих қойнауына кетсе де, ел көңілінен кетпеген Бейжің олимпиадасында елмізідің қоржынына қола медаль салған азамат.  Енді Шымкентте елімізге танымал боксшы, Олимпиада ойындарының,Әлем чемпионатының қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиевтей спорт саңлағының атында  спорт залы бар.

Шыналиев атындағы спорттық нысанның ашылу салтанатына  бокстан Қазақстан Республикасы құрамасының бас бапкері Еркебұланның жеке бапкері  Мырзағали Айтжанов, бокстан әлем чемпиондары Біржан Жақыпов, Махмұт Сабырхан,  Сәкен Бибосынов, Қайрат Ералиев және басқа да танымал азаматтар, белгілі спортшылар қатысты. Даңқты спортшылар жергілікті тұрғындарды жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтады. Аталған спорт залынан өздеріндей чемпиондар тәрбиеленіп шығатынына сенімдерін білдірді.

– Жалпы балалардың спортқа деген ынтасы жоғары. Ата-аналар да оларды үнемі қолдайтынын көріп жүрміз. Түрлі спорт түрлерінен жаттықтырушылар да жетеді. Осыған дейін Көксай елді мекенінде спорт залы болмаған еді. Соны ескеріп осындай спорт залын ашуды жөн көріп, жұмыс жүргіздік. Ондағы ойымыз ауданның балаларын бір орталыққа жинап, бокс, дзюдо, каратэ, таэквандодан жаттықтырсақ деген ой болатын. Осындай мақсатымыз бар, – дейді спортшы Еркебұлан Шыналиев.

Спорт залының ашылу салтанатында  Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Досалы Жайлауұлы барша спортшыларды, тұрғындарды, балаларды  құттықтап, аталған залдан елдің абыройын әлемдік ареналарда асқақтатып, көк туымызды биіктен желбірететін мықты спортшылар тәрбиеленіп шыға берсін деген ізгі тілегін білдірді.

Спорт кешені «Даму бала» мемлекеттік жан басына қаржыландыру бағдарламасы аясында ашылып отыр. Енді мұнда спортқа қызыққан балалар спорттың жоғарыда атап өткен түрлері бойынша тегін жаттығатын болады. Құрылысты жүргізген «D-Grand Atianta» құрылыс мекемесі. Жиналғандар мекеме директоры Абыл Ескендировке алғыс айтты.

Қызмет ақпарат

1771 символ

  • Related Posts

    ИЗ ИСТОРИИ ФОРМИРОВАНИЯ И ФУНКЦИОНИРОВАНИИ 30 ЛЕТ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА: АНАЛИЗ, ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ ГЛАЗАМИ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ ГОРОДА ШЫМКЕНТ

    ИЗ ИСТОРИИ ФОРМИРОВАНИЯ И ФУНКЦИОНИРОВАНИИ 30 ЛЕТ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА: АНАЛИЗ, ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ ГЛАЗАМИ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ ГОРОДА ШЫМКЕНТ Ассамблея народа Казахстана — уникальная модель Казахстана во всем мире, поддерживающая…

    Глава государства на встрече с представителями отечественного бизнеса поручил Правительству дополнительно проработать вопрос по ставке НДС

      Любые нововведения должны проводиться на основе всестороннего анализа и продуманной стратегии. Нужно проработать разные варианты, учитывающие специфику отраслей экономики. Я раньше на этот счет не высказывался, поскольку каждое мое…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика