ШЫМКЕНТ: «TEN QOGAM» ОРТАЛЫҒЫНДА ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРҒА 300-ГЕ ЖУЫҚ КІТАП ҚОРЫ ҰСЫНЫЛҒАН

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Ғылымның қайнар бұлағы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін тәрбиелік құрал. Әлішер Науаи «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Денри Дидроның «Адамдар кітап оқуын қойса, ойлауын да қояды» деген сөзі бар. Толстой  өз кезегінде «Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» деп пікір білдірсе, Абай атамыз «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп шегелейді. Әрине, мұндай керемет теңеулерді келтіре беруге болар, бірақ соңғы уақыттары адамдар осындай жан азығынан, рухани байлықтан қол үзіп бара жатқанын мойындауымыз керек. Бұл жаһандық мәселе. Шымкентте 40 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оларға әлеуметтік қолдау көрсетуден бөлек, бос уақыттарын тиімді өткізуге жағдай жасау аса маңызды мәселе. Бұл мақсатта «TEN QOGAM» орталығында 300-ге жуық кітап қоры бар кітапхана бұрышы қызмет көрсетуде. Мамандардың айтуынша мұнда  күніне 20-ға жуық азамат келіп кітап оқиды. Рухани азық-жанға дауа.  Жайлы әрі сапалы қызмет көрсетудің нәтижесінде «TEN QOGAM» орталығына келушілер саны күн санап артып келеді. Қызмет алушыларды осындағы арт терапиясы, еңбек және музыка терапиясы мен шахмат, шашка ойындары қызықтырады. Оған қоса ерекше жандарға жылы ықылас пен білікті психолог маманының қызметі қарастырылған.  Орталықта мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін көмек түрлерінің аясы өте кең. Атап айтқанда, ақпараттық, құқықтық және психологиялық кеңес беріліп, әлеуметтік қызметтер көрсету порталы мен Еqov.kz порталынан қызметтер алу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша сүйемелдеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, тұрғын үй, жер кезегіне тұру және оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде (ИПР) көрсетілетін барлық қызмет түрлері бойынша ақпараттық-консультациялық көмек ала алады. Инватакси және Әлеуметтік такси қызметі бойынша өтінімдер қабылданады. Қызмет алушылар мамандардың нұсқаулығымен «әлеуметтік қызметтер порталының» жұмысымен толық танысып, өз беттерінше пайдалануды да үйрене алады. Орталық мамандары сондай-ақ қалаға қарасты шалғай аудандарда тұратын мүгедектігі бар азаматтардың үйлеріне барып, қызмет көрсетуде.

 

Қызмет ақпарат

1936 символ

 

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика