Шымкент: “АБАЙ ӘЛЕМІ” БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ

Қазақ тарихында, əсіресе оның руханияттық дамуында ХІХ жəне ХХ ғасырлар тоғысының орны орасан зор. ХІХ ғасыр аяғындағы Ұлы Абай феномені — қазақ ұлтының өркениеттік болмысындағы орны айтып болмас ұлы құбылыс. Бірақ соны тануға, тап басып айқындауға біраз уақыт қажет болды. Ал абайтануды алғаш жүзеге асырғандар ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары. Олар өздері міндет етіп алған ұлт үшін атқарылар ұланғайыр істердің бастау көзін ұлы Абайдан танып, ең алдымен, сол ұлы ұстаздың ұлылық болмысын айқындауға ұмтылды. Абайды өздері ғана ардақ тұтып қоймай, оның ұлт абызы ретіндегі кемеңгерлік тұлғасын өздері айтпақшы «жұртқа», яғни көпке, танытуды мақсат тұтты. Қазақ зиялылары ə, дегенде-ақ Абай туралы туралы келелі ойларын сол кездегі түрлі басылымдарда жариялай бастады. Оның ішіндегі елді елең еткізер, оқушылары тұшынып оқыр, рухани азығы молы да, кеңге қанат жайғаны да, əрине, «Қазақ» болды. Өзі шығып тұрған бес жылда осы басылым қазақ халқының өміріне қатысты бар мəселені қамти алды десек, артық айтқандық емес. «Қазақтағы» жарияланымдар əркелкі болғанмен, бір мүддеге бағынғанын байқау қиын емес. Газет халыққа қызмет көрсетуге жарарлық, халықтың көкейкесті ой-арманын көрсете алатын материалдарды ғана жариялап, озық үлгідегі дүниелерге ғана орын берді. Жəне əрбір жарияланымдағы ұлттық сипаттың айқындылығына көңіл бөлді. Соның бірі қазақ зиялыларының əдебиетке, əдеби тұлғаларға қатысты пікірлері. Ал, енді газеттегі əдебиетке қатысты мақалалардың негізгі авторлары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ə.Бөкейханов тағы шындық. Осы орайда біраз уақыт бұрын Шымкент қалалық Абай кітапханасы байқау жариялаған болатын. Мақсаты сол, Абай Құнанбайұлының өлеңдерін, қарасөздері мен шығармаларын әсерлі оқып, желіге жариялау қажет болатын.  Нәтиже жоғары, қатысушылардың саны 100-ден асты. Ең көп қаралым 20 мыңнан асты. Ең жас қатысушы — 5 жаста. Жеңімпаздар “10 тамыз — Абай күні” аясында өтетін іс-шарада марапатталатын болады. ІІ-кезеңнен тұратын байқау 30 шілдге дейін жалғасады.

І орынға – «Apple ІPhone 14» ұялы телефоны;

ІІ орынға – «Абай жолы» (4 томдық) романы;

ІІІ орынға – Абай суреті бейнеленген арнайы сыйлықтар (футболка, кепка, шопер) табысталатын  болады.

Қызмет ақпарат

1930 символ

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика