ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ: «ҚАЗАҚСТАН НЕЙРОХИРУРГИЯСЫ КӨРШІЛЕРДЕН ӘЛДЕҚАЙДА ДАМЫП КЕТКЕН»

Нейрохирургия – қарқынды түрде дамып жатқан жаңа саланың түрі. Ең алғаш елімізде 2008 жылы шет елге танымал дәрігер, академик Серік Ақшолақовтың басқаруымен Астана қаласында Ұлттық нейрохирургия орталығы ашылған болатын. Көреген басшы айналасына талантты, епті жас мамандарды жинап, білімін жетілдіру мақсатында шет елдерге жіберді. Солардың ішінде қазіргі медицина ғылымдарының докторы, Шымкенттің бас нейрохирургі МЕДЕТОВ ЕРКІН ЖҰМАҒҰЛҰЛЫ болды. Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханада 15 нейрохирург жұмыс істейді. Мұнда омыртқа грыжасы, жұлынның қатерлі ісігі, омыртқаның сынуы секілді омыртқа патологиясы және тағы басқа аурулармен емделушілер көп түседі. Бұрындары бұндай науқастарды Алматы, Астана қалаларына жіберетін, кейбірі өз жолымен Ташкент дәрігерлеріне жүгінетін. Қазір Еркін Медетов жетекшілік ететін аурухананың нейрохирургиялық қызметі мен Ұлттық нейрохирургия орталығының көмегі арқасында аталмыш аурулар қаламызда емделеді.

– Біздің саланы Европа елдерінен озық деп айта аламын. Оларда бас сүйегін ашып, ашық оталар жасалынады. Біздің европалық әріптестерден айырмашылығымыз аралас нейрохирургияны қолданамыз, яғни, эндоваскулярлы ем де, ашық нейрохирургия да қолжетімді. Бірінші кезекте айналма жолдарын тауып, тамырларға анастомоздар саламыз. Сосын эндоваскулярлы әдіспен отаны аяқтаймыз. Бұл әдіс асқынудың алдын алады. Әлем бойынша мұндай отадан кейінгі асқыну 8 пайыз болса, Шымкентте 2 пайызды құрайды, – дейді Еркін Медетов. Нейрохирургия ми мен жұлын, омыртқа ауруларын емдейтін медицинаның негізгі бағыты саналады. Қазір ғылым бас жарақатын, ісікті, мидың функционалдық ауруларын, қан тамырларының патологиясын, эпилепсиямен қоса паразитарлы инфекцияларды емдеп-жазуға әлеуетті. Қысқасы, нейрохирургия дамыған сайын бұрын күрделі саналған операциялар қолжетімді болып, емі жоқ аурулардың дәруі табылып жатыр. Біле білгенге, осы жаңашылдықтардың басым көпшілігін 15 жылдық тарихы бар Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері тәжірибеге енгізген.

 

Қызмет ақпарат

1810 символ

 

  • Related Posts

    ИЗ ИСТОРИИ ФОРМИРОВАНИЯ И ФУНКЦИОНИРОВАНИИ 30 ЛЕТ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА: АНАЛИЗ, ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ ГЛАЗАМИ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ ГОРОДА ШЫМКЕНТ

    ИЗ ИСТОРИИ ФОРМИРОВАНИЯ И ФУНКЦИОНИРОВАНИИ 30 ЛЕТ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА: АНАЛИЗ, ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ ГЛАЗАМИ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ ГОРОДА ШЫМКЕНТ Ассамблея народа Казахстана — уникальная модель Казахстана во всем мире, поддерживающая…

    Глава государства на встрече с представителями отечественного бизнеса поручил Правительству дополнительно проработать вопрос по ставке НДС

      Любые нововведения должны проводиться на основе всестороннего анализа и продуманной стратегии. Нужно проработать разные варианты, учитывающие специфику отраслей экономики. Я раньше на этот счет не высказывался, поскольку каждое мое…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика