Алаяқтарға алданып қалмау үшін не істеу керек?

Көбіне алаяқтар банктің атынан шотыңызға ақша түскені туралы SMS-хабарлама жолдап, артынша телефон соғып, ақшаны қайтаруды сұрайды. Сондықтан қайтармас бұрын шотқа шынымен бөтен біреуден ақша түскеніне көз жеткізу керек. Шотты банктің мобильді қосымшасы немесе банк операторымен ресми нөмір арқылы байланысып тексеруге болады.Айта кетейік, ақша сізге қарыз адамнан немесе жұмыс істейтін компаниядан түсуі ықтимал. Сол себепті ақшаның сізге тиесілі емес екеніне әбден көз жеткізіңіз. Ақшаның кімнен және қашан түскенін шоттағы үзінді көшірмеден білуге болады. Егер біреу ақшаны қателесіп аударып қойса, ал өзі сізбен байланысқа шықпаса, банкке хабарласыңыз. Ақшаны қайтаруға келісім беру туралы жазбаша өтініш жазыңыз. Содан кейін банк заң бойынша төлемдерді қайтару рәсімдеріне сәйкес кері төлем жүргізеді.

Қызмет ақпарат

  • Related Posts

    Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі

    Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі Ардақты ағайын! Қадірлі қауым! Біз жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Зұлмат…

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика