ШЫМКЕНТ БІЛІМ: ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ

Шымкент қаласы білім басқармасының үздік тәжірибелерін тарату, білім басқармасының білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жүзеге асырудағы жоспарлау мазмұны, педагог кадрлардың құзіреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын дамытуда әдістемелік қолдау жұмыстарын көрсету туралы «Жоспарлау және бақылаудағы ең үздік тәжірибе. Жоспарлаудың құрылымы мен мазмұнын жасау принциптері» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырылды.
Аталған шараға Жетісу облысы әдістемелік орталығының директор орынбасары Эльвира Досаева, Алматы облысы білім басқармасының бас маманы Нурбек Бедеров, Алматы облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Думан Айтбаев және Атырау, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстарының білім басқармалары мамандары ZOOM платформасы арқылы онлайн қатысты.
Семинар барысында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен қала әкімі Мұрат Әйтеновпен бекітілген 2023-2029 жылдарға арналған «Жол картасындағы» білім сапасын арттыру, оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу, білім беру қызметін кешенді зерттейтін бірқатар жобалармен таныстырылды. Атап айтқанда:
Жаңадан тағайындалған педагог кадрларды дамыту тәжірибесі: «Үздік педагог» антологиясы;
Жас басшыларға әдістемелік көмек беру тәжірибесі: «Менторлық мектеп» жобасы;
Функционалдық сауаттылықты дамыту тәжірибесі: «Мобильді мұғалім» жобасы.
Семинар соңында әріптестер кері байланыс жасап, жалпы семинар аясында оң пікірлерін білдірді. Кез келген мемлекет үшін білім мен ғылымды дамыту аса маңызды. Қазақстан үшін де бұл саланы ілгерілету – мемлекеттік саясаттың басты тетіктерінің бірі. Сондықтан елімізде білім беру және ғылым саласын дамыту үшін қолға алынып жатқан шаралар көп.

Қызмет ақпарат
1540 символ

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика