«ТАЗА ҚАЛА» ЖЕҢІМПАЗЫ ДАУЫС БЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ

 

Шымкент қаласының тұрғыны Қарлығаш Рахиева №91 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Қ.Рахиева жуырда Шымкент қаласында өткен «Таза қала» байқауында жеңімпаз атанған болатын. Әл-Фараби ауданындағы ең таза, ең көрікті аула осы – Қарлығаш Рахиева тұратын Әлімбетов көшесіндегі №45 в тұрғын үйдің ауласы.

– Қаламыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосып жүрген азаматшалардың бірімін. Мен тұратын көпқабатты үйдің тұрғындары белсенді, ынтымақты, жауапкершілігі мол жандар. Тұрғындар әр бастамамызды қолдайды. Бүгін біз көршілерімізбен бірге келіп, даусымызды бердік, — деді қала жанашыры.

Қаламыздың көркейіп, абаттануына үлес қосып жүрген қала тұрғыны сайлауда белсенділік танытып, қала тұрғындарын сайлауға қатысуға шақырды.
Атап өтсек, үлгілі ауланың тұрғындары бұл күні көршілерімен бірге аулада сенбілік ұйымдастырып, тазалыққа жаны жақын екенін тағы бір көрсетті.

«Шымкент келбеті

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика