ШЫМКЕНТ: ГРАНТ ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАР ӨТТІ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына талапкерлерден өтінімдер қабылдау жұмыстары басталды. Университеттің қабылдау комиссиясы бекітілген талаптарға сәйкес өтінімдер қабылдауды 13-20 шілде аралығында жүргізілді. Бүгін сондай-ақ дене шынықтыру, бастапқы әскери дайындық, кәсіптік оқыту, музыкалық білім, дизайн мамандықтары бойынша шығармашылық емтихандар бастау алды. ОҚМПУ-ді таңдап, педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары білім алуға ниетті талапкерлер мен олардың ата-аналарымен университет Басқарма төрағасы-ректор Гүлжан Сүгірбаева мен Басқарма мүшесі-стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек жүздесіп, жоғары оқу орнына қабылдаудың белгіленген талаптары мен мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсының жалпыға ортақ қағидаларын түсіндірді. Шын талапты, білімге құштар, мұғалім мамандығын жүрек қалауымен таңдаған талапкерлерге университет есігі әрдайым ашық екенін атап өткен университет ректоры, емтихандар мен грант тағайындау конкурсының қабылданған талаптар шегінде мейлінше ашық және әділ өтетініне сенім білдірді. Гүлжан Дәулетбекқызы сондай-ақ дене шынықтыру, бастапқы әскери дайындық мамандықтары бойынша шығармашылық емтихан тапсыруға жиналған талапкерлермен кездесіп, өңір ұстаздарының қарашаңырағына басқан қадамдары сәтті болуын тіледі. Айта кету керек, білім беру бағдарламаларының педагогикалық тобы бойынша жоғары білімі бар кадрлар даярлауға Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне 2023-2024  оқу жылына қаралған мемлекеттік білім беру гранттарының саны 499 бірлікті құрайды.

Қызмет ақпарат

1518 символ

 

  • Related Posts

    Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі

    Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі Ардақты ағайын! Қадірлі қауым! Біз жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Зұлмат…

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика