ЕНДІ ШЫМКЕНТТЕ АЯТ ӘССАНДИ АТЫНДА ТУРНИР БАР

Шымкент  қаласындағы  кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің спорт кешенінде үстел теннисі спортының шебері, спорттың осы түрінен еліміздің жүлдегері, Универсиада ойындарының жеңімпазы Аят Әссандиді еске алуға арналған тұңғыш өңіраралық турнир өтті.Жарысқа БАҚ өкілдері және Аятпен бірге ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен шеберлер қатысты.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған тұңғыш турнирге журналистермен қатар Аятпен бірге үстел тениисінен құрама жарыстарына қатысқан  шеберлер қатысты. Теннис орталығында өткен аламан сайысқа жастар, ересектер және ардагер спортшылар қатысты.Ал жоғары спорт шеберлігі мектебінде өткен сайысқа журналистер мен блогерлерден іріктелген 37 спортшы қатысты. Қыздар арасында 12 әріптестеріміз бағын сынады.  Осынау дүбірлі спорт сайысын өткізуді Аяттың өзі аманаттап кеткен шара екен.Оны әкесі белгілі журналист Әсет Әссанди өз сөзінде айтып өтті:

Үстел теннисінен жас кезінен тұрақты айналысқан  Аят шеберліктің шыңына көтерілді. Студент жастар арасында Ел чемпионатының талай жүлдесін жеңіп алды. БАҚ өкілдері арасында өткен облыстық чемпионатта екі жыл қатарынан бас жүлдеге ие болған екен.Бұл туралы Түркістан облыстық журналистер одағының төрағасы Ғалымжан Елшібай арнайы атап өтті.

Талантты жастың спорттық бабын шыңдаған  Ұлттық жоғары дәрежедегі төреші Қуатбек Телғозиев өз шәкіртінің аса талантты екендігін шара барысында атап атап өтті.  Қарағандыдағы жоғары оқу орнын бітірген соң, ұлттық құрама сапында шетелде дайындық жасап,арнайы оқу-жаттығу жиынын  өткізу үшін дайындалып жүргендігін жеткізді.

Аят Әссандиді еске алуға арналған үстел теннисінен тұңғыш өңіраралық турнирдің қорытындысында, БАҚ арасында бас жүлдені түркістандық Дәурен Тілеухан жеңіп алды. Жүлделі 2- орынды Шымкент қаласынан Асылбек Түйетаев иемденді.  Жүлделі 3-  орынды Пердебек Есқұлов түйіндеді.

Ал қыздар арасында «Оңтүстік» телеарнасының редакторы Аида Ташоваға тең келер ойыншы болмады. Жүлделі екінші орынды Айнұр Өмірбекова үшінші орынды Жасмин Ашимова иемденді.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге естелік белгілер,арнайы медальдар мен кубоктар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Ал, спорт шеберлері арасында Қазақстан құрамасының үздік спортшысы  Бақдаулат Әкімәлі бас жүлдені жеңіп алды. Ардагер спортшылар арасында түркістандық Нартай Төлбасиев чемпион атанды.  Жарыс барысында үздік өнерімен көзге түскен шебер ойыншыларға өңірімізге белгілі дамушы кәсіп иелері арнайы номинациялар дайындап, табыс етті. Жүлде —  «Жұлдыз» дәмханасында өткен ас барысында иелеріне табыс етілді. Енді бұл турнирді дәстүрлі түрде жылда өткізу жоспарланып отыр.

Қызмет ақпарат

2000 симвоол

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика