Ұлттық қордан балаларға берілетін ақшаны туыстары ала ала ма?

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Егер бала 18 жасқа дейін қайтыс болып кетсе, Ұлттық қордан оған берілетін төлемді оның ата-анасы немесе бауырлары алуы мүмкін бе? Осы мәселеге қатысты министр былай деп жауап берді.

Оның айтуынша, мұндай жағдай болса, қаражатты Ұлттық қорға қайтару жоспарланған.

Бастапқыда біз тұжырымдаманы әзірлегенде ақшаны (Ұлттық қорға) қайтаруға қатысты нұсқалардың бірі қарастырылған норма болды. Одан соң ақша ата-анасында қалады немесе сол отбасындағы басқа балалардың арасында бөлінеді деп шештік, — деп түсіндірді ведомство басшысы Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол бұл қаржыны қолданудың тәртібіне тоқталды.

Бұл – баланың ақшасы және кәмелет жасқа толған соң ол оны өзі қолдануға құқылы. Бірақ тек тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе оқуға ғана ала алады, деді Әлібек Қуантыров.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжілісте Ұлттық қордан балаларға қаражат беруге қатысты заңды қабылданды.

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика