«Әсем қала — Алматы» атты фотобайқауы

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығының ұйымдастырумен қыркүйек айының 21 жұлдызында, Арбат алаңында «Әсем қала — Алматы» атты фотобайқауы өтті.
Байқау барысы Алматы қаласының тарихи және мәдени мұрасына, өлкенің әсемдігіне қоғамның, тұрғындардың қызығушылығын арттыруды, сондай-ақ туристік орталық ретінде беделін қалыптастыруды жан-жақты көздеді.
Байқау мақсаты:
Сүйікті қаламыздың көркем де әсем келбетін фотоөнер арқылы дәріптеу, қоғамның туған жерге деген сүйіспеншігілігін арттыру.
Байқауға 13 жас пен 62 жас аралығындағы 400-ге жуық қатысушы қатысты. Конкурс қатысушыларын іріктеу және жеңімпаздарды анықтау қатарында сарапшылар, медиатұлғалар және өнер қайраткерлері болды.
Жүлделі 1 орынды Алтынбек Рахымбек, 2 орын Сихымбекұлы Азиз, 3 орын иегері Ұзақбай Маржан.
Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдар, алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Шара соңында әрбір қатысушы «Фотосурет саласында кәсіби және көркемөнер шығармашылығын дамытып, насихаттауға ықпал жасай алдым ба?» деген негізгі сұраққа жауап алды.

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика