Шымкент қаласының өзінде 100-ге жуық туристік агенттік бар

Grand Hotel-осы сәтке дейін туристерге тиімді қызмет ұсынып келеді. Ең төменгі бағасы он бес мың теңгеден басталады. Қонақ үй бизнесінде адамдардың сұранысына байланысты бағалары өзгеріп тұрады. Шымкент қаласына 315000 турист келген. Туризм деген сөзді естігенде, әуелі есімізге шетелдік саяхатшылар түседі. Алайда, Шымкентке Ақтау, Алматы, Тараз сынды қалалардан туристер келіп, шаһарымыздың көркеюіне, саланы дамытуға ерекше үлесін қосып жатыр. Біздің қоғамда тек Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақтау қалаларына сұраныс жоғары деп ойлайтындардың саны басым. Бірақ, туристер табиғаты әсем Шығыс Қазақстан облысын да таңдап келіп жатады. Әрине, бұл-еліміздің сыртқы және ішкі туризмінің қай деңгейде екендігінің көрінісі»-дейді «Visit Shymkent» ақпараттық орталығының орынбасары Байларов Нұртас Берікұлы. Сонымен қатар, отандық туризмді дамытуда қонақ үй бизнесінің жұмысына айрықша тоқталып өту қажет. Шымкентте қызметтік сапасы жоғары, бес жұлдызды қонақ үйлер де бар. Солардың бірі — «Rixos Khadisha» қонақ үйі. Көптің көңілінен шығып жүрген қонақ үй қызметкерінің айтуынша, келушілердің басым бөлігі — жергілікті тұрғындар.  «Дәл қазіргі сәтте қонақ үйге келуші туристердің саны аз. Наурыз айының басы мен мейрам күндері қонақтар өте көп болады. Сұраныс жоғары болғандықтан, бағасы да өткен жылғыдан көтерілді. Мәселен, бір күнге бөлмені жалдау 50000 теңгеден басталады. Ал, люкс бөлмелердің құны күндігіне 90000 теңгені құрайды. Келушілердің біраз бөлігі 1 апта мен 1 ай көлемінде қонақ үйде болады. Және қонақтардың жұмыс істеу сапамызға көңілі толады»-деді қонақ үй қызметкері. Жаз мезгілі басталғандықтан, қала тұрғындары еліміздің саяжайлары мен шет мемлекеттердің көрікті жерлеріне саяхат жасауды бастап кетті. Әрине, бұл тұрғыда тұтынушыларға туристік агенттіктер көмекке келеді. Бір ғана Шымкент қаласының өзінде 100-ге жуық туристік агенттік бар екен. Олар арзан бағада ұшу билеттері мен сапалы да тиімді қызмет ұсынып, саяхатшылардың қауіпсіздігін өз жауапкершілігіне алады. Сондай орталықтың бірі-қаламызда орналасқан “Skyline” туристік агенттігі.

 

Қызмет ақпарат

1843 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика