Ауызашарда темекі тарту өмірге қауіпті

           Дубай.- Күні бойы ораза тұтқан адамның аузын аша сала темекі тартуы өлімге әкеліп соқтырады деп ескертеді дәрігерлер, темекіге құмар жандарды одан аулақ болуға шақыра отырып, деп хабарлайды орыс тілді «Ислам Для Всех» сайты.

            Күнұзаққа ішіп-жеуден тыйылып келген организм бұрынғы қалпына келуге тырысып жатады. Осы себепті «ауызашар уақытта темекі шегу, адамның өз денесіне жасаған жауыздығы» дейді БАӘ әл-Айн клиникасының докторы Риаз Ахмад Минхас (Riaz Ahmad Minhas).
            Осы уақытта адам организмі суға, глюкозаға, оттегіне мұқтаж болады. Ал темекі шегу адам қантамырларының тарылып, қысылуына (спазма),  қанның қоюлануына, оттегінің жетіп бара алмауына, қан қысымының көтерілуіне, холестериннің көбейіп кетуіне себепші болады.
«Бұның соңы өліммен аяқталы, темекі шегетіндер бұлт жәйтті түсінуі керек»-дейді Минхас.
tories/36c0eb91901b23511065fad03a583cd9.jpg» width=»250″ height=»161″ alt=»36c0eb91901b23511065fad03a583cd9″ style=»margin: 13px; float: right;» />

        Әл-Айн клиникасының басқа дәрігері Әли Жаффар (Ali Jaffar) былай деп ескертеді: ауыз ашқан соң табактың түтіні организм үшін өте қауіпті. Дегенмен адамдар ойланбайды, олардың денесінің қандай ауыр соққы көріп жатқандығын білсе ғой.
Көптеген темекі шегетіндер ауыздарын ашып, бір кесе суды немесе құрманы ішіп-жеместен темекіге жүгіреді.
      Доктор Жаффар ең болмағанда ауыз ашып болған соң оргазим өз қалпына келмейінше темекіні доғара тұруды ұсынады деп хабарлайды IINA. Сондай ақ Рамазан айы темекіні тастаудың зор мүмкіншілігі дейді ол.
      Әлем ғалымдары темкінің себебінен көптеген зарарлы аурулардың пайда болатындығын дәлелдеді. «Егер адам Рамазан айында күні бойы темекі шекпесе, демек ол жағымсыз әдетті тастауға күші жетеді» дейді Минхас.

                                                              Орыс тілінен аударған: Ұ.Алиакбарұлы.


  • Related Posts

    ШЫМКЕНТ: ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ

    Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталықта Шымкент қаласындағы коронавирусты инфекцияның эпидемиологиялық ахуалы туралы брифингте Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова айтты. «Шымкент қаласында коронавирустық…

    ГРАНИ СОТРУДНИЧЕСТВА ЮКМА РАСШИРЯЮТСЯ

    Южно-Казахстанская медицинская академия и Университет высшего образования и исследований JSS(JSSAHER) города Майсуру,штат Карнатака, Индияподписали Меморандум о взаимопонимании для сотрудничества. «Особый акцентбыл сделан на исследования в области фармации», — подчеркнул, открывая…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика