2022-12-06

Инсульт:НАУҚАСҚА ҚАЛАЙ КҮТІМ ЖАСАУ КЕРЕК?

Spread the love
       Инсульт – ми қанайналымының жіті бұзылысы, яғни ми қантамырларының бірінің үзілуі, түйілуі немесе тығындалуы салдарынан орын алады. Науқасты күтуші адамға оның аурудың қай түрімен ауыратынын білу маңызды.
       Геморрагиялық инсульт бұл гипертонияның асқынуы болып табылады. Жоғары қысымды көтере алмаған қан тамыры жарылады да, қан ми заттегіне келіп түседі. Құйылған қан миды басып, оны  ісіндіреді және мидың бір бөлігі өледі. Мұндай инсульт көбінесе ауыр, күйзеліске толы күннен соң туындайды.
tories/ishemicheskiy-insult.jpg» width=»300″ height=»204″ alt=»ishemicheskiy-insult» style=»float: right;» />
       ОНЫ ҚАЛАЙ БАЙҚАУҒА БОЛАДЫ? 
       Кешке қарай бас жарылып кетердей қатты ауырады. Заттардың барлығы қызыл түсті болып көріне бастайды, жүрек айнып, құсады, бас ауруы күшейеді – соққының алғашқы белгісі осындай. Сонан соң қимыл-қозғалыс, сөйлеу, сезгіштік қабілеттері бұзылады, құлақ естімеуден бастап, естен тануға, тіпті кома жағдайына дейін барады – ал бұл инсульттің өзі.
       ҚАРТ АДАМДАРҒА ТӘН…
       Ишемиялық инсульт: Бұл жағдайда тамыр өз қабырғасының тұтастығын сақтап қалады, алайда қанның ағымы тромбымен түйілуіне немесе тығындалуына байланысты тоқтап қалады. Тромбылар – қантамыр қабырғасының жас ерекшелігіне қарай өзгерістері – кез келген ағзадағы қантамырды бітеп, жүрек, бүйрек, ми инфарктісіне алып келеді. 
       Қантамырлар жалпы қан ағысына келіп түсетін май тіндерінен де тығындалуы мүмкін, мысалы, бұл жағдай ұзын түтікше тәрізді сүйектер сынғанда немесе толық адамдардың қуыстық операциялар кезінде орын алуы ықтимал. Газды эмболия — тамырлардың газ көпіршіктерімен тығындалуы — өкпеге операция кезінде туындауы мүмкін. Жеке бастың шаруалары мен стресстер, ауа қысымының құбылмалылығы, қажу, шаршау, зиянды әдеттер – ішімдік пен темекі, артық салмақ, қандағы қант деңгейінің күрт өзгеруі – ми қантамырларының ұзақ уақыт түйіліп, ишемиялық инсульт белгілерінің туындауына ықпал ететін факторлар. Көбінесе ишемиялық инсульт – қарт адамдарға тән. Ол көбінесе түнде немесе таңға қарай туындайды, бірнеше күн ағымында бірте-бірте дамуы мүмкін, ауыспалы сипатқа да ие бола алады (шағын инсульт).
       Инсультке байланысты ауытқулар тез арада жойылады, адам бірнеше айдан соң бұрынғы жұмысына орала алады. Басқа жағдайларда бұзылған қызметтердің қалпына келуі ұзаққа созылады. Инсульттен кейінгі қалпына келу үдерісі нәрестенің дамуының алғашқы айлары мен жылдарын еске түсіреді: алдымен аяқ-қол қимылдарын үйлестірді, содан кейін аунау, отыру, тұру, жүру амалдарын үйренеді, ағзаның  шығару қызметі қатаң бақылауға алынады. Сонымен қатар әлеуметтік дағдылары да қалыптасады: сөйлеу қабілеті дамиды, адам өз бетінше тамақтануды, киінуді, жуынуды үйренеді, телефон, электр құралдарды меңгереді, тұрғылықты үйін жайландырады. Инсультке шалдыққан адам да дәл осылай өмір сүруге қайта бейімделеді. Жас сәби секілді ол да өз жақындарының сүйіспеншілігіне, қолдауына мұқтаж.
       ИНСУЛЬТТЕН КЕЙІНГІ КҮТІМНІҢ ЖАҚСЫ БОЛУЫ АСА МАҢЫЗДЫ
       Егер науқасқа жылы сөйлесек, оның сауығып кетуіне сенетінімізді сезіндірсек, бұл оған күш беріп, бойына сенім ұялатады. Бір науқастардың қозғалысы мен сөйлеу қабілеті инсульттен кейінгі алғашқы айлар апталар мен айлар ағымында қалпына келіп қойса, біреулердің қимыл-қозғалысы мен сөзі біршама қиындайды, ал тағы біреулерде  айтарлықтай шектеулер қалыптасады. Сөйлеу мен қимыл-қозғалыстың қалпына келу дәрежесі, ең алдымен, бас миындағы осы қызметтерге жауапты аймақтардың зақымдану көлеміне байланысты. Зақымдану аймағы үлкен болған сайын, бұзылған қызметтердің қалпына келу барысы баяу әрі нашар жүреді. Инсульттен кейінгі оңалту үдерісі алғашқы жылы қарқынды түрде жүреді, сонан соң біршама баяулайды, бұдан кейін негізінен науқасты бойындағы ақауларға бейімдеу жұмысы жүргізіледі. Егер инсультке шалдыққандардың қолы немесе аяғы әлі де нашар қимылдайтын болса, олар жаттығуларын жалғастырып, өздігінше әрекет ету дағдыларына ерекше көңіл бөлуі керек.
       ОНЫ ҚАЛАЙ БОЛДЫРМАЙМЫЗ?
       Инсульттің алдын алу (қайталануын болдырмау) үшін еңбек және демалыс тәртібін  дұрыс орнату, дұрыс тамақтану, ұйқыны реттеу, отбасында және жұмыста жақсы психологиялық климат қалыптастыру, жүрек-қан тамырларының ауруларын: ишемиялық жүрек ауруын, гипертониялық ауруды дер кезінде емдеу керек. Ми қантамырларының микрциркуляциясын жақсартатын дәрілік препараттарды, сонымен қатар ми гипоксиясының (оттегі жетіспеуі) алдын алатын препараттарды қабылдау қажет. Инсульттің алдын алу шаралары қантамыр ауруына шалдыққан науқастарды жүйелі бақылап отыруды, тамақтану, ұйқы және демалыс ұйымдастыруды, ұйқыны реттеуді, жүрек-қан тамырларының ауруларын, әсіресе атеросклероз бен гипертониялық ауруларды өз уақытында және дұрыс емдеуді қамтиды.
Л.О. АЛДАНАЗАРОВА,
ОҚМФА-ның Мейірбике ісі кафедрасының ассистенті.
Яндекс.Метрика