2024-07-27

Дәрі-дәрмегі ең қымбат елдердің қатарына ендік

tories/dsc_6449.jpg» width=»280″ height=»194″ alt=»dsc_6449″ style=»float: right;» />

       Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды дәрі-дәрмегі ең қымбат елдердің қатарына қосты деп хабарлайды  Tengrinews.kz.
       Аталмыш халықаралық ұйымның мәліметінше, елдегі дәрі-дәрмек бағамы Армения және Молдаван, Украина мен Беларус, Қырғыз және Ресей елдерінен де аспандап тұр. Мәселен, Арме-ния өзінің халқын дертінен жазып алу үшін сатылымға түсетін дәрі-дәрмегіне 7,1 пайыз ғана үстеме қосса, Украинада бұл көрсеткіш 5,5 пайызды, Ресейде 7,5 пайызды, Қырғыз елінде 6,2 пайызды құрайды. Ал бізде сатылымға түсетін дәрі бағамына қосар үстеме баға 10-20-30 пайызға дейін жетіп үлгерген.
       Мұны ескерген арнаулы мамандар елдегі дәрі-дәрмек бағамына мемлекеттік бақылау қойылуы керектігін алға тартуда .
       Әсіресе мемлекеттен тегін берілетін дәрілерге бақылауды күшейткен абзал. Мысалы, үкімет тегін берілуі тиіс дәрілермен халықты қамту үшін қаншама қаржы жұмсайды. Өкінішке қарай, сол тегін дәрілердің өзі кейде сатылымға шығып кететін жайттар жиі кездеседі.
       Негізінде, біздің еліміз дәрі-дәрмек бағасының қымбаттығымен ғана емес, дәріні ең көп тұтынуда және оның жанама әсерлерін сауатты саралай алмауда да ТМД елдері бойынша алғашқы үштікті межелейді. Қалай десек те бұл саладағы заңсыздықтар мен жауапсыздықтарға жүген салу мақсатында мамандар тарапынан ұсыныстар айтылмай жүрген жоқ. Соның бір парасы ретінде: ірі қалаларда қаптап кеткен дәріханалардың санын шектеу; шекара асып келген дәрілерді жан-жақты талдайтын, зерттейтін веб-емханалар ашу; жалған дәрілік заттарды таратқандарға қомақты мөлшерде айыппұл салу мәселесін жиі көтеріп-ақ жүр.
       Айта кету керек, бұл ретте сапасыз-жалған дәріні сатылымға шығарған компанияларға Францияда, АҚШ-та 2 млн доллар көлемінде айыппұл салынса, Ұлыбританияның қылмыстық атқа-ру жүйесі жазықтыларды дереу бас бостандығынан айыруға дейін барады.
Яндекс.Метрика