2024-07-27

ҚУАТБЕК АЙДАРБЕКОВ: «Жас өрендердің арманы –чемпион болу»

tom: 0pt;» class=»MsoNormal»>tories/01/00000.jpg» width=»305″ height=»193″ />Салауатты өмір салтын қалыптастыру — әрбір, көзі ашық, көкірегі ояу, саналы азаматтың міндеті.  Спорт денсаулық кепілі, салауаттылық салты ғана емес, ол әрбір мемлекеттің абыройын асқақтатып, терезесін теңестіретін елдік ұстындарымыздың бірі. Елімізде халықтың жаппай дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы, бұқаралық спортты дамыту жайы Елбасымыздың жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында айтылып, соңғы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық еңбегінде қарастырылған басым бағыттардың бірі. Осы ретте, Елбасы міндеттерінен туындаған айқын бағыттардың бірі, бұқаралық спорт саласы, жалпы, қала спортының жай-күйі жайлы білмек болып Түркістан қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, ҚР спорт қайраткері Қуатбек Айдарбеков мырзаға жолықтық.

tom: 0pt;» class=»MsoNormal»> – Қуатбек мырза, бүгінде Түркістан қаласында қанша спорт мекемелері, мектептері жұмыс істейді? Және олардың қала спортын дамытуға қосып отырған үлесі қаншалықты?

tom: 0pt;» class=»MsoNormal»>       –Қалада қазір 3 спорттық мектеп жұмыс істеп тұр. Олар «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» «Спорттың жекпе-жек түрлерінен балалар мен жасөспірімдер мектебі » және «Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер» спорт мектебі.

tom: 0pt;» class=»MsoNormal»>         «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде» баскетбол, волейбол, еркін күрес, қазақша күрес, еркін күрес, дзю-до, бокс, таэквондо, футбол, волейбол, тоғызқұмалақ түрінен барлығы 10 спорт бойынша 722 оқушы жаттығады. Жалпы топтар саны елу. Осы топтағы балалармен 26 жаттықтырушы жұмыс істейді.

tom: 0pt;» class=»MsoNormal»>           Ал, «Спорттың жекпе-жек түрлерінен балалар мен жасөспірімдер» мектебінде қазақша күрес, еркін күрес, дзю-до, бокс, таэквонда барлығы 5 спорт түріне 192 оқушы келеді. Осы оқушылармен 25 жаттықтырушы жұмыс істейді, жалпы топтар саны 53.  Волейбол мектебінде 282 оқушы шұғылданады. Бұлармен 11 жаттықтырушы,15 топта жұмыс жасап жүр.

tom: 0pt;» class=»MsoNormal»>       Биылғы жаңалығымыздың бірі, облыстан қаржыландырылатын «Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер» спорт мектебі ашылды. Мұнда   бокс, самбо, дзю-до, еркін күрес, қазақша күрес, грек-рим, таэквондо волейбол, тоғызқұмалақ барлығы 10 спорт түрінен 682 оқушы бар.

tom: 0pt;» class=»MsoNormal»>         Түркістандық бұқаралық спорт саласы біршама ілгерілеп келеді. Мысал ретінде айталық, қаладағы мектептер, кәсіптік лицей, орта арнаулы, жоғары оқу орындарында 15103 адам тұрақты дене шынықтырумен шұғылданады. Оның — 8763-і мектеп, 200-і кәсіптік лицей оқушылары. Арнаулы орта оқу орындарының 600, жоғары оқу орындарының 5540 студент жастары спортты жанына серік еткен өрендер деп айтуға болады.

 

       Бұқаралық спорт мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттауда бөлімнің атқарып отырған істерін атап өтсеңіз?

tom: 0pt;» class=»MsoNormal»>           –Еліміздің келешегі жастар дейтін болсақ, сол жас өрендеріміздің болашағына бей-жай қарай алмаймыз. Еліміздің экономикалық жағынан жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, өркениетті мемлекет құруымыз үшін ұрпағымыздың дені сау, санасы сергек болуы міндетті. Шынығу мен дене мәдениетін қалыптастыру – салауатты өмір салтының негізі болмақ. Осы қағидаларды берік ұстанған біздің бөлім қала көлемінде дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында алуан спорт түрлері бойынша түрлі деңгейдегі қалалық, облыстық, республикалық жарыстарды, көңілді эстафеталар, марафондарды ұйымдастырып, өткізіп келеді. Атап айтар болсақ, «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен мектеп оқушылары, студент жастар арасында, ерлер, әйелдер арасында волейболдан, тоғызқұмалақтан, шахматтан, дойбыдан қалалық жарыстар өткіздік. Қазақша күрес, еркін күрес, таэквондодан қала біріншіліктерін өткіздік. Дәстүрлі мектеп оқушылары, колледждер мен ЖОО –ы спартакиадаларын жаңа жылдан бастап, жазғы каникулға дейін жүйелі түрде өткізілді. Айтулы даталар, мерекелерге орай спорттық шаралар ұйымдастырылады. Бұдан басқа Б.Саттархановты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир, С.Ерубаев жүлдесі үшін баскетболдан республикалық турнир (дәстүрлі өтеді), Ескі Иқанда өткен еркін күрестен облыстық турнир, Оранғай ауыл округында өткен 40 жастан асқан спорт ардагерлері арасында волейболдан жарыс, самбодан ҚР чемпионаты спорт шеберлері арасында өтті. Қазан 1-3 күндерінде КСРО-ға және Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы, қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық дәрежедегі төреші Қайыс Аққалиевті еске алуға арналған грек-рим күресінен спорт сайысы жоғары деңгейде өтті. Өте тартысты, көрермендер мен спорт жанкүйерлерін қуанышқа кенелткен спорт сайыстары мен мерекелерге толы жыл болғандай биылғы жыл.

 

       Жалпы, қала спортының деңгейі қалай? Өсу, ілгерілеу байқала ма?

tom: 0pt;» class=»MsoNormal»>         — Әрине, Түркістандай қазақтың ақберені атанған Октябрь Жарылғапов, Әбдісалан Нұрмаханов, Бекзат Саттарханов сынды әлем мойындаған саңлақтарды сыйлаған киелі топырақ қашанда талантты спортшыға кенде емес. Жуырда А.Халиалаев Мароккода өткен әлем чемпионатында топ жарып, үш дүркін чемпион атанса, А.Юлдашев қола жүлдемен оралды. Ал, Дидар Хамза Тайванда дзю-до күресінен жасөспірімдер арасында өткен халықаралық жарыста, Германияда, Чехияда өткен турнирлерде жүлдегер, жеңімпаз атанды.Самбодан А.Жылқыбаева Азияның 3 дүркін, әлемнің 2 дүркін чемпионы, сондай-ақ осы спорттан Н.Нұртаева да Азия чемпионы атанды. Бокстан Айбек Ерметов Б.Саттарханов турнирінің жеңімпазы атанып, ҚР спорт шебері атағын орындады Және де Айбек жуырда Талдықорғанда бокстан ҚР Кубогы үшін өткен жарыста 1 орынды жеңіп алды. Волейболдан Айбол Өтегенов ҚР чемпионы атанса, футболдан Бекзат Бейсенов «Ордабасы» командасының құрамында Қазақстан Республикасы кубогымен қоса, супер кубогын жеңіп алды.Футболдан облыс біріншілігінде Түркістан құрама командасы сапында БЖСМ-нің 5 оқушысы(1995-96 жылы туылғандар)Б.Абдуәлиев, А.Абуов, Рахмен Абдуфарук, Нұрмұхамбет Нұрсұлтандар өнер көрсетуде. Бұдан басқа да студент спортшыларымыздың жетістіктері, бағындырған биіктері аз емес. Сондықтан да, бүгінгі күні қала спортын қай жағынан алып қарасақ та даму, ілгерілеу бар деп айта аламыз. Қала басшылығы, ел ағалары, кәсіпкерлер, халық қалаулылары(қалалық, облыстық мәслихат депутаттары) т.б. зиялы азаматтардың спортқа деген көзқарасы дұрыс, сол кісілердің демеушілік, жанашырлық етуінің де нәтижесі шығар бүгінгі таңда қала спорты өсіп-өркендеудің, дамудың жолында. Жалпы, елдің, ең бастысы жастарымыздың спортқа деген қызығушылығы күн сайын   артып келе жатқаны сүйіндіреді. Әсіресе, биылғы ХХХ Лондон Олимпиадасының жастарды отаншылдыққа, спортты сүюге тәрбиелік ықпалы өте зор болғанын айта кетуіміз керек. Қазақстанның қоржынына түскен 13 медаль, бейбіт заманның нағыз ерлері атанған саңлақтарымыз жастарымыздың санасында мәңгілікке жатталды. Жүректерін нұрға толтырды. Осы дүбірлі доданы қалт жібермей қараған жас өрендеріміздің қай-қайсысы болмасын спортшы болғысы, чемпион болғысы келді сол сәттерде. Бүгінде, біздердің спорт мектептерімізде болашақ әлем чемпиондары, Олимпиада чемпиондар өсіп келеді деп ойлаймын.  

       Сұхбаттасқан:

Әтіргүл ТӘШІМОВА

Жадыра МҰСАБАЙ ,Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ студенті

«Қызмет» ақпарат

{jcomments on}

 

Яндекс.Метрика