2024-07-27

ЖЫЛҚЫ ҚЫМЫЗДЫҚ

tories/SHHavel-konskiy.jpg» width=»250″ height=»172″ alt=»SHHavel-konskiy» style=»float: right;» />

       Бұл дәрілік шөпті қалай танимыз? Биіктігі 60-120см жететін көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы түзу, сызықты, жапырығы мол, төменгі жапырағы ұзын немесе үшбұрыш жұмыртқа пішінді, ұшы доғал, сағақ түбі жүрек тәрізді, жиектері толқынды, тақтамен бірдей әлде ұзын, жоғарғы жапырағы жіңішкелеу ұшы үшкір, сағағы қысқа, гүлшоғыры жіңішке, цилиндр тәрізді, қалың, жапырақсыз. Мамыр-маусымда гүлдейді.
       Медицинада тамырсабағын және тамырын пайдаланады. Өсімдіктің басқа бөліктерінде дәрі және өнеркәсіптік маңызы бар.
Қайдан табамыз? Батыс Қазақстанның тау қыраттарында, Тобыл, Есіл, Ертіс өзендерінің бойында, Семей, Көкшетау, Ақтөбе, Мұғаджар, Торғай, Батыс Сарыарқада, Қарқаралы,Зайсан, Алтайда кездеседі.
       Өзен бойындағы шалғынды жерлерде, орман алаңдарында, тау бөктерлерінде, жайылымдарда және арамшөп ретінде егістік жерлерде өсіп-өнеді. Шығыс Қазақстан облысының Ертіс өзенінің жағасында және Алтай жоталарындағы құрғақ күйіндегі өндірістік шикізат қоры 3000 тонна.
       Құрамы қандай? Органикалық қышқылдар және олардың тұздары, эфир майы, С, В1, В2, Е, К, РР дәрумен-дері, каротин, илік заттар 8-30 %– олардың саны солтүс-тіктен оңтүстікке қарай өседі, антрахинондар бар екені анықталды. Тамырында углеводтар-глюкоза, фруктоза, саха-роза, органикалық қышқылдар мен олардың тұзы –қымыз-дық, алма, лимон қышқылдары, эфир майы, сапониндер, алкалоидтар, К дәрумені, фенолдар, фенол-карбонов қыш-қылдары – гало, пирагалло, катехиндер, илік заттар 4,6-16,9 %, флавоноидтар, антоциандар 5%, лейкоантоциандар, антрахинондар – эмодин, арабинозид, эмодин, щавелин – 0,46 %, хризофанол, фисцион, тамырсабағында К дәрумені, илік заттар 6,6 – 15%, антрахинондар 2,7 – 3,1 % бар. Жер беті бөліктерінде фе-нолкарбон қышқылы – кофеин, флаво-ноидтар 8,15%, гиперин, рутин 1,5%, антрахинондар – хризофанол, эмодин, фисцион, сабағында илік заттар 1,57%, жапырағында органикалық қышқылдар және олардың тұздары, С, К, РР дәру-мендері, каротин, илік заттар 2-7 %, фла-воноидтар – рутин, гүлінде С дәрумені, илік заттар 8,25 %, флавоноидтар – рутин 2,5 %, жемісінде органикалық қышқылдар және олардың тұздары, эфир майы, С.К дәрумендері, каротин, антрахинондар, катехиндер – галлокатехин, эпигаллока-техин, илік заттар 6-7,3 %, флавоноидтар 1,6 %, кверцетин, ретин, антрахинондар 1,08-1,22 %, хризофанол, хризофансин, хош иісті қосылыстар анықталды. 
 Емдік қасиеті қандай? Ат құлақ өсімдігі бұрынғы Одақта дәрі шикізаты болды. Ішектің әлсіреуіне сүргі ретінде, іш өткенде тұтастырғыш, созылмалы және түйілмелі тоқ ішектің қабынуына дәрі. Өсімдік шикізатын көп қоспаларға қосып, асқазанның қабынуы, геморрой, қуық, бүйрек, қотыр ауруларын емдеуге қолданады. Оның тұндырмасы мен сығыны қан аздыққа, ішек-асқазан жолдарының бүлінуіне, тоқ және аш ішектер қабынғанда, бауыр ауруына, өкпеден, жатырдан, қызыл иектен қан ағуын тоқтатады.Ел арасында қанды ірің аралас іш өтуге бірден-бір ем. Тамыры мен сабақ тамыры тоқ ішектің қабынуына, тері ауруларына, қотыр, мерез, жатыр қатерлі ісігінде тамаша емдігі бар. Пеллагра(Р дәруменінің жеткіліксіздігінен болатын созылмалы ауру) және балалардың ас қорытудың бұзылуы ауруына да ем. Сығыны артерия қан қысымының артуын төмен түсіріп, тыныштандырғыш дәрі ретінде қолданылады. Кейінгі жылдары бұл өсімдіктің тамырынан лейкоантоциан мен катениндер алынып, оны малдарға зерттеу жасағанда қатерлі ісікке әсер ететінін көрсетті. Дәнінің қайнатпасы ішек инфекциясына қарсы пайдалы екені клиникалық байқауларда жақсы нәтиже береді. Сабақ тамырымен тері илеп, тамыры мен жапырағынан сары және қара бояу алынады. Мәдени түрде өсірілген 4 жылдық өсімдіктің кептірілген тамырының өнімділігі бір гектардан 8 тоннаға дейін жетеді.
       Қалай пайдаланамыз?
       1.1ас қасық тамырын 1,5 стакан суда 15 минут қайнатып, 4 сағат тұндырады, сүзеді. Күніне 3-4 рет 1 ас қасықтан тамаққа дейін ішеді. 
       2. Ұнтақталған тамырын күніне 3 рет 0,25 г тұтастырғыш ретінде және күніне 2 рет 0,5 г іш босатқыш ретінде ішеді.
       Емдік шайлардың және тыныс мүшелерін емдейтін қоспалардың құрамына кіреді. 
Ж.С.ТОҚСАНБАЕВА,
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы, фармакогнозия және химия кафедрасының профессор м.а., фарм.ғ.к
Яндекс.Метрика