2024-07-27

Емдәм: Аңыз бен ақиқат

       Сонымен емдәмде қаншама шындық бар, сіз де тексеріп көрсеңіз болады. 
Құрамындағы майы және кейбір ас өнімдерінің біздің емдәмге теріс әсері жөніндегі көп жылдар бойы «өмір сүріп» келе жатқан пікірлер көбінесе  шындықпен жанаспайды.
       Шоколадтан семірмейді
       Иә, бұл шындық, бірақ бұл Сіз бүкіл плитканы емес,  екі түйірін жеген жағдайда ғана. Одан басқа, қоректік заттар онда күйзеліске қарсы қасиеттерге ие магний мен денсаулыққа бағалы антиоксиданттардың жеткілікті мол мөлшері бар қара шоколадта ғана бар. Емдәм дәрігерлерінің пікірі бойынша шоколад денсаулық үшін ең пайдалы басытқы.
 
       Тәттілер — бұл Сіздің тұлғаңызға зиянды әсер ететін ауыр күнә
       Әрине жоқ! Емдәм жазалау емес екендігін есте сақтаңыз, сондықтан Сіз қуанышыңыз үшін өзіңізге кішкентай түйірін жеуіңізге болады — бірақ тек кішкентай түйірін, бір грамм да артық емес!
 
       Қанттан бас тартыңыз және Сіз одан тәуелсізсіз
       Жаңа зерттеулер біздің кофеин немесе никотиннен тәуелділік сияқты қанттан да тәуелділігіміз бар екендігін дәлелдеді. Біз шәйға қант салуды қойғаннан бастап, оның тәтті дәмінен безе бастаймыз.  Қанттан біртіндеп бас тартыңыз.
 
       Спорт батондары асты тамаша алмастырады
       Иә, бұл шындық, бірақ бұл теқ қана спортшыларға ғана қатысты. Бұл батондар бұлшықеттердің түзілуіне және жаттығулар кезінде қуаттың қажетті мөлшерін жеткізуге көмектесу үшін қызмет етеді. Бірақ, олар бізге кәдімгі асты алмастыра алмайды!
 
       Кофе құрамындағы кофеин калорияларды жояды
       Бұлай деп есептеудің қажеті жоқ. Шынымен, кофенің кішкентай үлестері зат алмасуын жылдамдатуы мүмкін, бірақ көп мөлшерлерде ағзадан кальций мен магний сияқты минералды заттарды шығарады. Кофенің әр шыныаяғынан кейін стақан су ішуді ұмытпаңыз, өйткені кофе ағзаны қатты сусыздандырады.
 
       Түскі асқа немесе кешкі асқа қызыл шарапты пайдалану майларды сіңіру деңгейін азайтады
       Өкінішке орай, бұл ақылға қонбайтын теория. Шынымен, кешкі асқа немесе түскі асқа қызыл шарап бокалын пайдалануға кеңес беріледі, бірақ бұл ағзаның майларды сіңіруіне әсер етпейді. Француздар, олардың ас қабылдау мәдениетінің арқасында сондай сымбатты. Олар жәй, кішкене үлестермен, бірақ жиі жейді. Және «фаст фудтарда» тамақтанбайды.
Егер дәмханалар мен барларда тамақтансақ, онда тек қытай дәмханаларында
Тіпті алдамшы пікір. Қытай асының әуесқойлары осындай тағамдар семіртетіні туралы ойға үйренулері қажет. Әрине, егер Сіз қуырылған күріштен және макароннан, сайгон рулеттерінен, үйрек етінен және тұздықтардан  бас тартсаңыз.
       Мейрамханада көмірсулар үлесін картопқа дейін шектеу
       Осындай жолмен калорияларды есептеуге болады. 3 кішкене картоп бұл 145 ккал. Осылай, біз мейрамханадан қаншалықты «ауырлап» шығатынымызды оңай есептей аламыз?

       Қуат көзі салмаққа әсер етеді
       Иә, «майлы» аталатын калориялар семіртеді, ал ағуыздар сымбатты тұлғаны сақтауға көмектеседі. Майлардың құрамындағы калориялар — бұл ағза көмірсулардан кейін екінші кезекте пайдаланатын қосымша қорек көзі, ал ағуыз өз кезегінде семіртпейтін қуат көзі.
       Егер арықтағың келсе, сүт өнімдерінен аулақ бол
       Бұл тіпті жалған. Зат алмасуының жақсаруына тамаша әсерді майсыз сүт өнімдерін пайдалану береді.

       Банандар, жүзім және сәбіз құрамында қанттың мол мөлшері бар
       Шынымен, бұл өнімдердің құрамында қант бар, бірақ бұл олардан бас тартудың себебі емес. Оларды мол мөлшерде жасұнық пен каротин бар.
       Бір салатты қолдану калорияларды жояды
       Шынымен, егер Сіз бір салат қана жесеңіз, Сіздің салмақ тез азаяды, бірақ Сіз өзіңізді нашар сезінесіз. Осындай емдәмнің нәтижесі сіздің Сіздің ағзаңызға қауіпті болуы мүмкін.

Яндекс.Метрика