Наурыз айында отандық телеарналардың бірінде көп-тен айтылып келе жатқан «Қазақ хандығы» көп сериа-лы тарихи теледастаны кө-рерменге жол тартты. Бар жоғы 10 бөлімнен тұратын кинодастан түгел көрсетіліп болмай жатып сан түрлі сын мен пікірлердің астында қал-ды. Режиссер Рүстем Әбді-раштың бұл жұмысының авторы Елбасының өзі болып келетін туынды «Қазақ елі» жобасы аясында түсірілген. Сценарийін белгілі жазушы Смағұл Елубай, Тимур Жақ-сылықов пен Рүстем Әбді-раштың өзі де атсалысып жазып шыққан.Бүгінде әлеуметтік желі мен баспасөз беттерінде се-риал жайлы жылы пікірлермен қатар жағымсыз пікірлер де бар. Сол жағымсыз пікір жазып жатқан жандардың арасында елге белгілі, қоғам-ға белгілі азаматтар да бар-шылық. Біткен іске сыншы көп. Ол мұнан кейінгі жұ-мыстарды ширата түсу үшін керек болуы әбден мүмкін.Мен де аталмыш туындыны көріп шықтым. Қарапайым көрермен ретінде алған әсерімді бөлісуді дұрыс деп таптым. Қуанып, көрдім. Кей тұстарында тіпті жанарыма жас та үйірілді. Өзімнің қа-зақ екенімді сезіндім. Қазақ-тай ұлы халықтың ұрпағы екенімді ұқтым. Құнды се-риал көріп отырғаныма сен-дім.Бүгінде расында да тіпті кітап оқу былай тұрсын, жа-ңалықтарды оқуға ерінетін жастардың түйсігін оятып, саналарына кішкене де болса қазақтың тарихынан бір үзім ой ұқтыра алғанымен құнды бұл туынды. Тарих толқынында қаншама ұлт жұтылып жоқ болып кетті?… Арыға бармағанның өзінде, қазақтың іргесінен сойылын жимай, шайқасқан жоңғарлардың өзі тарихта қалғанымен мемлекет былай тұрсын, халық ретінде жер бетінен жоғалып тоз-тоз болып кетті ғой? Кейбір ұлттар тіпті өзгенің қол астында отаны жоқ, қанатсыз құстай ғұмыр кешіп келеді емес пе?Ал, біз теледастанда көр-ген тарихи тұлғаларымыздың көрегендігі мен дұрыс саясат ұстана алғандығының арқасында бүгінде ел болып, еңсеміз түзеліп, түтініміз түзу шығып тұр. Ұрандатып сан ғасырлық тарихын көгіл-дір экраннан кестелеп жат-қан біз, олардың жанында бақытты, өте бақытты ха-лықпыз.
Осы орайда біз тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ОҚМПИ-дiң бiрiншi проректоры-оқу iсi жөнiндегi проректоры Баршагүл ИСАБЕКТІҢ кинодастан жайлы пікірін біліп едік:- Бұл кинодастанның алғашқы нұсқасын кинотеатрдан барып көрдім. Одан соң теледастаны шықты он бөлімнен тұратын. Маған ұнады. Иә, сан түрлі пікір айтылып жатыр. Бірақ «Біткен іске сыншы көп» дейді. Ең бастысы жақсы дүние жарыққа шықты. Оның ішіндегі кейбір олқы тұстарына бола көрмей қоюға, не болмаса бас салып сынай беруге болмайды. Біздің телеарналарымызды көптеген өзге елдердің телетоптамалары жаулап алған ғой. Оның орнына осы өзіміздің төл туындыларымызды, өз тарихымызды насихаттайтын туындыларды көрсек жаман болмаймыз деп ойлаймын. Бұл жастар үшін де, ересектер үшін де үлкен мақтаныш сезімін ұялататын кинодастан. Мұнда қаншама тарихи тұлғалар қамтылған. Сол кезеңдерде ғұмыр кешкен қазаққа белгілі Қобыланды батыр, Қазтуған жырау, Ақжол, Асан қайғы, Шалкиіз жайлы қаншама жақсы дүниелер кадрға алынған. Әрине, кейбір тарихтан ауытқып, кішкене алшақтап кеткен жерлері бар. Ең бастысы осындай құнды дүние жарыққа шықты. Ондағы қазақ халқының салт-дәстүрлері керемет көрініс тапқаны мені қуантады. Мұндай дүниелер бүгін бізге керек, түсірілуі керек, жастардың сол арқылы тарихқа деген көзқарасын қалыптастыру керек. Осы іспетті туындылар арқылы олар тарихты тани түседі, сол арқылы ұлтқа, қазақ халқына деген патриоттық сүйіспеншілігі арта түседі. Өз ата-бабаларының осынау кең байтақ жерімізді қалай қорғап, қандай қиындықпен ел болғанын көре отырып, оның азда болса санасында елге, жерге деген құрмет пайда болады. Бізге ең керегі де сол. Сондықтан бұл кино жайлы менің пікірім өте жақсы. Кинодастан үшін жұмыс жасаған режиссерге де, басқа да мамандардың барлығына алғысым шексіз. Мұндай ауқымды жобаны экранға алып шығу үлкен жұмысты талап етеді. Соның барлығын үйлестіре жүріп, дүние шығара білгені үшін алғыс білдіремін.Бастама осымен тоқтап қалмай жалғасын тауып «Қазақ елі» жобасы аясында өзге де құнды дүниелер түсірілсе нұр үстіне нұр болар еді. Бірақ расымен мұндай тарихи туындылар түсірілу кезінде тарихи кеңесшілермен жұмыс жасаса екен деймін. Бір ғана кеңесші емес, бірнешеуімен ақылдаса келе жасалса ендігі түсірілетін дүниелер. Сонда тарихи жағынан сын аз болатын еді. Жалпы мен өзім осындай дүние жарыққа шыққанына қуанамын.Ал киім үлгісі жайлы да көп сындар айтылған. Бірі киімдерін өзбек ұлтына ұқсатып жіберген десе, енді біреулер керісінше өте керемет, бай, әсем жасалған деп пікір білдіруде. Сол кезеңдегі киім үлгісінің нақты қандай болғанын ешкім өз көзімен көрген жоқ. Бірақ әдемі, әсем көрініс тапқан. Бізге тек деректер жеткен, кез-келген кинотуынды түсірілгенде сол деректерге сүйенеді. Пікірталас көп болғандығы менің ойымша көру ауқымының кеңдігі деп ойлаймын. Қай кезде қандай дүние жарыққа шықпасын пікір айтылады. Ең бастысы қуантатын туынды. Қуанып көретін туынды, қазақ болғаның үшін жүрек түкпірінде бір мақтаныш сезімін ұялататын туынды,- деді.Бұл тарихшының пікірі. Мұндай жақсы пікірлерді елге танымал біраз адамдар да білдірген. Олардың арасында Иманғали Тасмағамбетов, Асанәлі Әшімов, Бақытжан Ертаев, Амалбек Тшанов, Мұхтар Тайжан сынды азаматтар бар. Демек бұл туынды соншалықты жер жастандырып сынап тастайтындай дүние емес.Тәуелсіздікке қол жеткізген 25 жылда тарихта расымен болған тұлғаларымыз көрініс тапқан тұңғыш кинодастаны осы «Қазақ хандығы» екен. Бүгінгі жас ұрпақ оқып санасына түйетін емес, көріп, көзімен көргенін жүрегімен түйетін ұрпақ соны ұмытпау керек. Оларға көрсету арқылы тарихты танытып жатсақ несі айып?Айтылған сындардың ішінде түймесі заманауи екен, жазу төте жазу, киімдері нашар дегендей сан түрлі жағымсыз пікір өріп жүр. Неге бізге жақсы жағын тізбектеп айтпасқа? Отырып алып сынай берсек, міней берсек бізді өзге біреу келіп төбесіне көтеріп ардақтамасы айдан анық. Болашағымыз үшін жақсылықтың қолдаушысы болғанымыз абзал. Мақтайық, мақтанайық мадақтайық. Себебі, бұл тарихты теледастандармен түгендеудің бастамасы, мұның жалғасы да болады. Болашақта қазақ халқының ел болып қалыптасуы кезеңіндегі әр хан жайлы осындай қомақты қаржы шығарылып, жақсы дүниелер көрерменге жол тартады. Уақыт өте келе болашақтағы өзге туындыларда кейбір олқы тұстар қайталанбай шынайы шеберлікпен түсірілер. Бұл жөнінде Смағұл Елубай «Қазақ әдебиеті» газетіне аталмыш туындыға байланысты сындарға жауап айтқанда айтты.«Қазақ хандығы жобасына қатысты жаңалығымыз да бар. Осы тарихи жобаның жалғасы ретінде президент Н.Назарбаев мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына Қасым хан туралы тарихи фильм түсіруге тапсырма берді. Бізге де тапсырма беріліп, біз, сценаристер, тарихқа қайтадан кірейік деп жатырмыз. Бұл үлкен қуаныш. Қазақ хандарының ішіндегі ең мықты, айтулы хан – Қасым. Қазақтың қазіргі территориясының негізін сол Қасым хан күреспен, шайқаспен жүріп қалыптастырғаны белгілі. Сондықтан бұл жоба қызықты болады деп ойлаймын». Демек, бұл жоба осы «Қазақ хандығы» телетоптамасымен тоқтап қалмайтын ауқымды бастама. Бұл расында да қуантатын жаңалық. Қазақтың ел болып қалыптасу жолындағы тарихи кесек-кесек тұлғалар жайлы фильмдер ұсынылып жатса оның несі жаман? Â Нұрсұлу БАЗАРБАЙ.
Leave a Reply