«Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы»
Кеден Одағының техникалық регламенті
Кеден одағының «Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті бұдан әрі – Кеден одағының техникалық регламенті 2010 жылғы 18 қарашадағы Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы келісімге сәйкес әзірленді. Кеден одағының осы техникалық регламенті Кеден одағының аумағында азаматтардың өмірі мен денсаулығының, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында қабылданды. Жеке қорғану құралдарын жобалауға, өндіруге, пайдалануға, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қайта өңдеуге қойылатын талаптар Кеден одағының осы техникалық регламентінің ережелерінде регламенттелмейді және Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді жеке қорғану құралдарын пайдалану барысында адамға төменде көрсетілген зиянды факторлар әсер еткен кезде оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету:
— механикалық әсері және жалпы өндірістік ластануы;
— зиянды химиялық заттар;
— иондаушы және иондаушы емес сәулелер;
— жоғары (төменгі) температураның әсері;
— электр тоғының, электр және электромагниттік өрістердің әсері;
— биологиялық факторлардың (микроағзалардың, жәндіктердің) әсері
Кеден одағының осы техникалық регламентінде мынадай терминдер мен олардың анықтамалары қолданылады:
амортизатор – жоғарыдан құлаған кезде ұлғаятын кинетикалық энергияны бәсеңдетуге арналған сақтандыру жүйесінің компоненті немесе жеке бөлшек;
биологиялық фактор – бактериялық препараттар мен олардың компоненттерінің құрамында кездесетін микроағзалар-продуценттер, тірі жасушалар мен споралар; жұқпалы ауруларды қоздыруы мүмкін патогендік микроағзалар мен вирустар; ағзаға және тері қабатына әсер еткен кезде немесе ағзаның ішіне түскен кезде денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін өсімдіктер, жәндіктер, өрмекші тұқымдастар, жануарлар;
зиянды фактор – адамға әсер еткен кезде оның ауруына немесе денсаулығының нашарлауына әкеп соғатын фактор
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt;»> Механикалық әсерден жеке қорғану құралдары мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt;»>1) арнайы қорғану киімдеріне және қолды механикалық әсерден және жалпы өндірістік ластанудан қорғайтын жеке қорғану құралдарына қатысты:
тесілуден қорғауға арналған материалдар мен бұйымдар тесілуге берік болуға тиіс, оның ішінде маталар үшін — кемінде 13 Н, жасанды былғары үшін — кемінде 22 Н және табиғи былғары үшін — кемінде 58 Н;
кесілуден қорғауға арналған материалдар мен бұйымдардың кесілуге кедергісі болуға тиіс, оның ішінде маталар үшін — кемінде 2 Н/мм, жасанды былғары үшін — кемінде 6 Н/мм және табиғи былғары үшін — кемінде 8 Н/мм;
қажалудан қорғауға арналған материалдар мен бұйымдар қажалуға берік болуға тиіс, оның ішінде маталар үшін — кемінде 500 әсер ету циклі, жасанды былғары үшін кемінде 1600 әсер ету циклі, табиғи былғары үшін кемінде 7000 әсер еу циклі және тоқыма төсем үшін кемінде 350 әсер ету циклге абразивті тастан қажалуға берік болуға;
ысқылауға төзімді матадан жасалған арнайы киім кемінде 500 әсер ету цикліне ысқылауға төзімді болуға тиіс.
Қорытынды
tom: 10pt; text-align: justify;»> Біріншіден, елімізде кәсіпкерлікті дамытып ЖІӨ көлемін көтеру керек сол арқылы Отандық өнім өндірушілердің бәсекелестік қабілетін арттырады .
tom: 10pt; text-align: justify;»> Екінішіден, осы қарастырылған техникалық регламентте көзделген адам өмірінің қауіпсіздік шараларын ұдайы сақтау қажет.
tom: 10pt; text-align: justify;»> Үшіншіден, Қорғану құралдары әрдайым талаптарға сәйкес келуі тиіс.
tom: 10pt; text-align: justify;»>
Телғараев Мұстапа Тұртанұлы,
Техникалық реттеу және метрология комитетінің
ОҚО бойынша департаментінің бас маманы
Leave a Reply