2024-07-27

«АДАМЗАТТЫҢ БӘРІН СҮЙ БАУЫРЫМ»

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым»

tories/13.jpg» width=»448″ height=»299″ alt=»13″ /> 

Шымкент  қаласы білім бөлімінің 28.07.2015 жылғы  №17/5008/2 хатын басшылыққа ала отырып, «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы №74 негізгі орта мектебінде  27 тамыз ұйымдастырылды. Акция барысында концерттік бағдарламаға сай ән-жырдан шашу шашылып, саналы жанға ой тастайтын мейірімділікке, қайырымдылыққа үндейтін бейне роликтер көрсетілді. Акцияны ұйымдастырып, балаларға қол ұшын созған  мектеп басшысына, ұстаздар ұжымына  Г.Досанова ата-аналар атынан  өз ризашылығын білдіріп, рахметін айтты. Тағылымы мол кештің айтар ойы, тобықтай түйіні хакім Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым» деген бір ауыз сөзімен астасып жатты. Мектебіміздің  аз қамтылған, жетім  және қамқоршылыққа алынған балаларға көмек беру мақсатында республикалық «Жалпыға міндетті білім беру қорынан» 27 оқушыға 10мың теңгеден есеп шоттарына аударылса, мектеп директоры Исакова Нұрипа Әуелқызының бастамасымен және де айрандай ұйыған, ынтымақты ту еткен мектеп ұжымының қолдауымен 15 оқушымызға ұстаздар ұжымы мектепке қажетті оқу құралдарымен және де мектеп формасымен қамтамасыз етті. Мұндай сауапты игі шараға Қаратау ауданы әкімшілігіде бастамашыл болып, мектебіміздің 7 оқушысын  оқуға қажетті құрал-саймандар әперді.

№74 негізгі орта мектеп

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Нұрболат САПАРБЕКОВ

Яндекс.Метрика