«Ұлтым деп жүрек толғанар!»

tories/13456.jpg» border=»0″ />

ОҚО арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада «Тағдырластар» клубының кезекті бас қосуы, жергілікті ақын, ұлт жанашыры, мемлекеттік сыйлықтың иегері, биыл 75 жасқа толып отырған М.Шахановтың шығармашылығына арналды. Шығармашылық кеш «Ұлтым деп жүрек толғанар» деп аталды

Кешке ақынның туған өлкесі, Отырар өңірінен арнайы қонақтар келіп қатысты. Қонақтар қатарында М.Шаханов пен Ш.Қалдаяқов өмірде жақын аға бауыр болып араласқандықтан, Шәмші бейнесін кинода сомдаған оңтүстіктің өнер майталманы Мейірбек Қауынбаев, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейінің «Әдебиет және өнер» бөлімінің меңгерушісі Досхан Жұмаханұлы, әнші Жанар Арыстанбаевалар да болды. Өнерпаздар кезек-кезек М.Шахановтың жырларын оқып, әсем әндерін шырқады, естелік әңгімелер айтты

Кітапхана оқырмандары қонақтарға көкейдегі сұрақтарын жолдады. Әдебиет пен өнерді дә-ріптеген басқосуға көрермен ретінде «Тағдырластар» клубының жастарынан бөлек Шымкенттегі № 8 арнаулы Оңалту орталығында демалып жатқан мүмкіндігі шектеулі жандар да қатысты.

Қонақтардан қалыспай оқырмандар Батырхан Әсел, Уйсимбаева Перизат, Салтанат Құттықбай М.Шахановтың өлең жырларын оқыды. Жиналған көпшілік өнер иелерімен естелік суретке түсіп, ерекше көңіл күймен тарасты.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика