Қазақстан шетелдік қонақүйлер мен турфирмалардың «қара тізімін» жасайды

       ҚазАқпарат — ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті  қазақстандық туристердің құқығы бұзылғандығы жайындағы кез келген  ақпаратты жіті қадағалап отырады және отандастарымыздың құқығын бұзған шетелдік қонақ үйлер мен туристік фирмалардң «қара тізімін» жариялайды. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

tories/pic_1358369679.jpg» width=»270″ height=»203″ alt=»pic_1358369679″ style=»margin-top: 5px; margin-left: 8px; margin-bottom: 1px; float: right;» />

       Қазақстанды туристердің құқығын бұзған қонақүйлер мен туристік фирмалардың тізімі туристердің ақпаратының арқасында жаңартылып тұрады. Құқығы бұзылған туристер ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің мында «жедел желі» телефон нөміріне және электронды мекенжайына хабарласа алады:
       Айта кетейік, өткен айда Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне Түркияда демалыста жүрген «Almaz tourizm» туроператорының қазақстандық клиенттерінен кейбір қонақ үйлердің өкілдері тарапынан қысым туындап жатқандығы туралы шағымдары келіп түсе бастады. Осыдан кейін комитет Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігіне туындаған мәселе бойынша қазақстандық туристер үшін заңды шешім табуға жәрдемдесуін сұрап хат жолдады.
       Сондай-ақ «Trek Travel International» компаниясының басшысына қазақстандық туристердің қонақ үйге қайта төлем жасауларына жол берілмейтіндігі туралы айтылған хат жіберілді.
       Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев БҰҰ Бүкіләлемдік  туристік ұйымының (ЮНВТО) бас хатшысы Талеб Рифаиға да хат жолдап, мұндай тәжірибе әлемдік туристік қоғамдастықта кәсібиліксіз және мәдениетсіздік ретінде талқыланатындығын атап өтті.
  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика