АССАМБЛЕЯ ТОЙ-ТОЙЛАП ЖҮРГЕН ЖОҚ…

top;»>Ассамблея той-тойлап жүрген жоқ…

top;»>

 

Шымкенттегі «Қоғамдық келісім» үйінің мәжіліс залында ОҚО ассамблея хатшылығының және «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылы біртектілік пен бірліктің жаңа кезеңі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Жиынды ашып, жүргізген әкім аппараты басшысының орынбасары – облыстық халықтар ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов: «Біз Мақтарал, Шардара, Төлеби аудандарындағы тұрғындармен кездесулер өткіздік, бұл Ассамблеяның мерекелік іс-шараларда да ғана көзге түсіп, той-тойлап жүретін ұйым емес ішкі саясатты қалыптыруда маңызды рөл атқаратынының дәлелі. Алдағы уақытта облысымыздағы барлық аудандарды этномәдени бірлестік төрағаларымен бірге аралап шығуды жоспарлап отырмыз» — деді.

Жиын барысында хабарлама жасаған М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Ғ.Қ. Маймақов біз мамандандырылған кафедра құрдық. Ендігі кезде ғалымдарды тарта отырып, этносаралық тарихты қалыптастыруымыз керек. Қазіргі ахуалды бағамдап, болашағымызға жоспар құрсақ еліміздің ертеңгі тыныштығы мен ұлтаралық келісіміне үлес қосқан болар едік, — деді.

Мұнан кейін сөз алған татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы А.И.Мухамедова Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының «Біртектілік пен бірлік» атты 4-ші бағытына кеңірек тоқталып, біртектілік дегеніміз бәрімізге жүктелген жалпы тапсырманы сезіне білуде деген Мухамедова ханым барлық қазақстандықтарды біріктіретін «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жоғарғы азаматтық жауапкешілікпен білек сыбана жүзеге асыруға шақырды.

Мұратәлі Қалмұратов бірлестік төрайымының баяндамасын қазақша бастап мемлекеттік тілді үйренуге деген құлшынысынан басқа этно-мәдени бірлестік төрағаларының үлгі алулары қажеттігін айтты.

 

 

Әлия ӘБІШҚЫЗЫ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика