Елімізде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Ағымдағы жылы Білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік бағыттағы бұл бастамасы 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында «Балаға мейірім сыйла» ұранымен өткізілді. Акцияның мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтіік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу.
Аталған акция аясында Шымкент қаласындағы №90-шы мектептің директоры А.Ш.Орынбековтың басшылығымен іс-шаралар жоспары жасалып, мектепке дайындығы жоқ балалар туралы мәліметті сынып жетекшілермен бірлесе отырып тамыз айында анықтадық. Сондай-ақ, бірнеше кәсіпорын және банк басшыларына көмекке мұқтаж балаларға қолдау көрсетуін сұрап мекемелер мен кәсіпкерлерге хат жолданды.
tories/IMG-20140829-WA0008.jpg» width=»300″ height=»169″ alt=»IMG-20140829-WA0008″ style=»margin-left: 15px; float: right;» />
Жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағасы «Ақ Ордасы» корпорациясының Президенті Садулла Жантөреұлы Қалыбеков мектеп оқушыларына 150000 теңге қаржылай қолдау көрсетті. Ол «Өзін ғана ойлаған, жамандықтың белгісі. Өзгені де ойлаған, адамдықтың белгісі» дейді. Балаларының құрдастары тағдырына бей-жай қарамайтын дәулетті ата-аналар тарапынан 104000 теңге жиналды. Акция шеңберінде жиналған қаржыға білім ошағының 26 оқушысына мектеп формасы мен оқу құралдары берілді. «Сбербанк» акционерлік қоғамы 23 оқушыға мектеп сөмкесін оқу құралдарымен қоса тарту етті. Мектеп ұжымы мен ата-аналар комитетінің жан-жақты зерделеуінен кейін әлеуметтік жағынан аз қамтылған 71 оқушы «Міндетті білім қоры» есебінен осы оқу жылында мектеп асханасынан тегін ыстық тамақпен қамтылатын болды.
Болашағымыз бақытты болу үшін балаларға қамқорлық жасау борышымыз. «Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің» — деген. Бір-бірімізден қолдан келер көмегімізді аямалық ағайын.
Шымкент қаласы, 90 жалпы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.М. Бакирова
Leave a Reply