Президенттің Түркістан облысына сапары

Президент Қ.Тоқаев алғашқы іс сапарын Түркістан қаласынан бастап, қазақтың ұлы хандары мен билері, жақсылары мен жайсаңдары мәңгілікке тыныс тапқан мекенге барып, зиярат етіп, жаңа қаланың тыныс-тіршілігімен танысты.

tories/0mmmmm.jpg» border=»0″ />

«Бүгін мен түркі дүниесінің рухани астанасы Түркістанға тағзым ету үшін арнайы келдім. Түркістан – еліміздің алтын бесігі, мәдениетіміз бен руханиятымыздың символы және бүкіл халқымыздың бойтұмары. Бұл қасиетті жерді көзіміздің қарашығындай сақтап, дамытуымыз керек», – деді.

Сапар барысында Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлыстың ұлы мерекесімен құттықтап, елдегі соңғы өзгерістер мен болашақта атқарылатын жұмыстардың жай-жапсарымен бөлісті. Мемлекет басшысы елмен кездесуінде: «Ысырапшылыққа мемлекет деңгейінде тосқауыл қоюымыз қажет. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторлары – дені сау ұлт, денсаулық сақтау саласын дамыту және саламатты өмір салтын қалыптастыру. Мемлекеттік шығыстардың басты міндеті – қарапайым адамдардың мәселелерін шешу. Тұрғындарымызға таза ауыз су, баспана, жұмыс орындары, жайлы өмір үшін инфрақұрылым қажет. Міне, біз осы міндеттерді шешеміз» дей келе, біршама күрделі мәселелерді атап, оның шешу жолдарын да ұсынды.

«Қызмет» газеті

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика