Синтетикалық жуғыш заттардың қауіпсіздігі.

  • Осыдан 10-15 жыл бұрын тұрмыста пайдаланатын синтетикалық жуғыш заттардың (СЖЗ) атауларын, әсіресе кір жуғыш ұнтақтардың аттарын оңай атап айтуға болатын еді: Астра, Эра, Лотос, Айна, себебі олардың жиынтығы көптүрлі емес еді. Бүгінгі күні әлемдегі химиялық индустрия бізге құрамы бойынша, әсері бойынша, қасеттері бойынша аса алуан түрлі синтетикалық жуғыш заттарды ұсынып отыр. Теледидар жарнамалары осы бағыттағы ақпараттарға толы, бірақ осы жағдайларда қарапайым адамға ұсынылып отырған көптүрлі құралдарды пайдалануда бағыт алу өте күрделі.

  • Ең алғашқы синтетикалық жуғыш құрал 1916 жылы пайда болған. Неміс химигі Фринц Понтердің тапқан өнертабысы тек өнеркәсіптік қолдануға арналған болатын. Тұрмыстық СЖЗ 1935 жылдан бастап шығарыла бастады, сол кезден бастап олардың қол терісіне зияндылығы азайды. Содан бері тар пайдалану аумағы бар СЖЗ бірқатары жасалынды, ал олардың өндірісі – химиялық өнеркәсіптің маңызды саласы болып табылады.

  • Тұрмыста пайдаланылатын химиялық заттар – қазіргі уақытта дамыған өндірістің өніміне айналып отыр. Үйдегі тазалық жұмыстарында оларды пайдаланбау мүмкін емес. Бірақ та біз оларды пайдаланар алдында, біздің денсаулығымызға келтіретін зияны туралы ойлана бермейміз. Мысалы, қазіргі тұрмыста пайдаланып жүрген кір жууға арналған ұнтақтарда полифосфаттар бар, ал олар адам денсаулығына, қоршаған ортаға аса зор зиян келтіреді. Беттік активті заттар (БАЗ), хлор, көмір қышқыл газы, азоттың оксидтері, фенол, формальдегид, ацетон, аммиак, ағартқыштар, ароматизаторлар — осы химиялық заттар, біздің күнделікті тұрмысымызда қолданылатын (кір жуғыш ұнтақтарда, киім тазартқыштарда, ыдыс, ванна, туалет тазалағыштарда) парфюмериялық заттар құрамында кездеседі. Бұл заттардың барлығы да биологиялық жағынан белсенді. Ешкімге құпия емес, қоршаған ортаның осы заттармен ластануынан, халықтың арасында мынандай аурулар көптеп кездеседі: аллергия, бронхит, түрлі тері аурулары. Тағы бір айта кететін жәйт, осы тұрмыстық химия заттарын мөлшерден тыс пайдаланудың әсерінен пайдалы микрофлора ластанады. Ғалымдардың айтуынша, планетамызда аллергия ауруының көбейіп кетуі шамадан тыс химиялық заттарды қолданудың әсерінен, адамның иммундық жүйесін бұзылған деп отыр,

  • Бүгінгі күні синтетикалық жуғыш заттар өндірісінің үнемі өсу жағдайында олардың құрамындағы химиялық заттардың қауіптілік дәрежесін анықтау, олардың қоршаған орта мен адамға зияндылығын зерттеу көкейтесті мәселе болып табылады. Себебі ең қауіптілігі сол, СЖЗ ерітіндісінде пайдаланғаннан кейін де құрамындағы химиялық заттары сақталады. Олар адам тікелей пайдаланған уақытта да адамға, пайдаланудан қалған қалдық ерітіндісінің де қоршаған ортаға (су, топырақ) белгілі дәрежеде зияны бар екендігі дәлелденген.

  • Сондықтан да зерттеу жұмысының мақсаты: Тұрмыста пайдаланылатын химиялық жуғыш заттардың (жуғыш ұнтақтардың) құрамын, олардың адам денсаулығына әсерін, қоршаған ортаға зиянын зерттеу, оқушылар мен олардың ата-аналарының СЖЗ құрамы туралы, олардың зиянды компоненттері туралы түсініктерін кеңейту болып табылады.

  • Сатылымдағы кір жуғыш ұнтақтар, негізінен, фосфат құрамдас болып келеді. Ал, фосфат-кір жуғанда суды жұмсартып, кірді кетіреді. Оның құрамындағы кірді ағартатын химиялық қоспалар мен жуылған кірге хош иіс беретін заттар жуылған мата талшықтарында қалып қояды. Оларды шайып шығару үшін кемінде кірді 7-9 рет таза сумен шайқау керек. Шынына келгенде, жуылған кір 2-3 рет ғана шайылады да, олардың бәрі матада қалып қояды, сөйтіп адам ағзасына зиянын тигізеді. Мысалы, қышыма, қотыр сияқты тері дерттері осыдан келіп шығады екен. Адам терісін шектен тыс құрғатып жібереді. Кір жуғанда қолдың құрғап, тіпті қызарып кетуіне де осы кір жуғыш ұнтақтың құрамындағы фосфат элементі себепші.

tom: 0.0001pt; text-align: right; line-height: normal;»>Н.Жұбандықов

tom: 0.0001pt; text-align: right; line-height: normal;»>Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика