Наурыздың 5-інде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел парламенті палаталарының бірлескен отырысында «халықтың әл-ауқатын көтеру үшін» жолындағы «бес әлеуметтік бастамамен» таныстырды. Парламент мінберінде сөйлеген сөзінің басында президент Назарбаев 1 наурыз – алғыс айту күні екенін еске алып, кезінде Қазақстанға қоныс аударып келген «босқындарды» жергілікті халықтың қалай паналатқанын атап өтті. Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев халыққа өзін «бірнеше рет сайлағанына» да алғыс білдіріп, елдің қолдауы жұмыс барысында зор күш-жігер беретіндігін де айтты. «Біздің халқымыз ертеңге сенімді қарау үшін жұмыс істеп келдім, жұмыс істеп те отырмын және жұмыс істей беремін» деді президент. Сөзінің кіріспесінен кейін ел басшысы дамуды бұдан ары жалғастыру үшін жасалатын әлеуметтік бастамаларын ұсынды.
1. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізу, баспана жағын көбейту мәселесі күн тәртібіндегі басты жағдай болып отыр. Ал, сол құрылыс жұмыстарын жүргізу қаншама қаржы мен жұмыс көзін талап етері белгілі. Қандай да салынған құрылыс нысанының сапасының жоғары болуы бөлек әңгіме. Осындай мақсаттарды көздеген Елбасы « Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде бірінші бастамасы « Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» болып табылды.Соңғы жылдарда қазақстандықтардың баспана алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында көп жағдайлар жасалуда. Алдағы уақытта жұмыс істейтін әрбір қазақстандық жеңіл шарттар бойынша баспаналы болуына мүмкіндік туады. Несие алу өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 проценттен аспайтын болады.Ұлттық банк кемінде 1 трилион теңге қаржы тартатын арнайы компания құрып, ол қаржыны банктердің шарттары бойынша жаңа ипотекалық несиелерін сатып алуға жұмсалады. Бағдарламаны жүзеге асыру тұрғын-үй құрылысына зор серпін беретіні анық. Нәтижесінде миллиондаған қазақстандық үшін баспана алудың қолжетімділігі артады Сондай-ақ, адамдарға баспана алудағы заңдылықтары да ескертілді. Қорыта айтқанда, әр азамат өз құқығын білсе, баспана алудағы заңдылықтардың бәрі назардан тыс қалмайды.
2. Президенттің екінші бастамасы: « Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» Елбасы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен қазақстандықтарға салық жүктемесін 10 есе азайтып, 1 процентке ғана салық салуды ұсынды.
Ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын азайту арқылы олардың салық жүктемесін жеңілдету керек екендігін мәлімдеді Елбасы
Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге байланысты еңбек ақы және жұмысшыларды әлеуметтік қолдау мен қорғау саласында және мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктер қарастырылуда.
“Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс»
Н.Ә. Назарбаев
Үздіксіз білім алу өмір талабына айналды. Табысты және қоғамға қажет болғысы келген адам өмір бойы оқиды.
Өмір бойы білім алу—үлкен міндет. Қазіргі жастар бір салада жұмыс істеумен шектелмейді,өз мамандықтарын алмастырудан да қорықпайды. Олар әр салада жұмыс істеп, өз қабілеттерін сынауды жөн көреді, Елбасы барша қазақстандықтардың білім алуына үлкен жол ашып беруде
«Білген адам білімді өмір бойы іздейді»,—деп Ахмет Иүгінеки айтқандай,
өмір бойы білім алып, білімді болу—қоғамда өз орнын табудың кепілі. Білім— ешқашан жойылмайтын инвестиция. Оған салған барлық қаржы он, тіпті жүз есе болып қайтады. Осыны түсіне білген Елбасымыз жастардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына барлық мүмкіндіктерді жасап жатыр.
3. Елбасының үшінші бастамасы: « Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту»
Қазір еліміздің жоғары оқу орындарында 530 мыңнан астам жас оқып жатыр, олардың 30 процентке жуығы мемлекет бөлген грантпен білім алуда және Елбасы білім алудың қол жетімділігі мен сапасын арттыру үшін төмендегідей шараларды ұсынды.
2018-2019 оқу жылында 20 мың грант бөлінетіндігі….
Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиісті.
4. Бұл төртінші революциялық жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мың маманды даярлауға мүмкіндік береді. Мұнда ең алдымен инженерлер, ақпараттық технология, робот техникасы, нанотехнология саласының мамандары туралы…
Аталған шаралар орта мектеп түлектерін жоғары біліммен неғұрлым көбірек қамтуға мүмкіндік береді, бұл – әлемдік тренд.
Біз әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін қалыптастыра отырып,студенттердің білім алуына және тұратын жеріне жағдай жасауға тиісті назар аударуымыз қажет деді – Н. Назарбаев.
Елбасы жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесіне жіті тоқталып, бұл мәселенің шешу жолдарын баяндады.
Бұл міндетті шешу үшін жоғары оқу орындары, колледждер мен девелоперлік компаниялар мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі қағидасымен жатақхана салуды бастау керек екндігін айқындады.
2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырды
Қазақстанда кәсіпкерліктің құрылу мен даму негіздері Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламаларында көрсетілген болатын. Тұңғыш рет бұл мәселелер 1990 жылдың желтоқсанында қабылданған ҚР ʼʼҚазақ КСР-дағы шаруашылық қызметтің еркіндігі мен кәсіпкерлікті дамыту туралыʼʼ заңында көрінісін тапқан болатын. Кейінірек, 1992 жылдың шілде айында ʼʼЖекеменшік кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралыʼʼ заңы қабылданған болатын. Шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін келесі түрдегі шаралар қабылданған болатын˸
1) несие алуға арнап жеңілдік жағдайлар жасалды;
2) өндірістік нысандар мен алаңдарды, кеңселік панажайларды ақшасын мерзімдерге бөліп төлеумен сатып алуға арнап заңды мүмкіншіліктер жасалды, сондай-ақ оларды жалға алу және сенімгерлік басқару;
3) қызметтің басымдылықтары белгіленді;
4) жекеменшік кәсіпкерлер мен жекеменшік кәсіпорындарды құру мен тіркеу, сондай-ақ олардың екінші деңгейдегі банктерде есепшоттар ашу рәсімі жеңілдетілді.
Президенттің бес әлеуметтік бастамасындағы төртінші бастама: «Шағын несие беруді көбейту» Яғни жоғарыда айтылған шағын несие беру, кәсіпкерлікті қолдау.
Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардыңт аясында жеңілдңтілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады.
2017жылы жалпы сомасы 32 миллиард теңге болатын 7200 шағын несие берілген.
2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөлініп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды Елбасы.
Нәтижесінде шағын несие алатындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 14 мыңға жететін болады.
Жаңа өндіріс ашу мен оларды кеңейту ісінде де несиенің атқаратын рөлі зор. Несиенің көмегімен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орталықтандыру жаңа өндірістердің ірі жобаларын іске асыруға, жаңа техниканы ендіруге, жоғары қосымша құны бар өнімдерді өндіруді қайта жарақтауға байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
5. Елбасының Жолдауларында елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету — маңызды міндеттердің бірі екендігі баршамызға аян. Сондықтан, Қазақстан тұрғындарын толықтай табиғи газбен қамтамасыз ету, газ саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат жүзеге асырыла бастады. Жасыратыны жоқ, бұрындары еліміз газ мәселесіне келгенде көршілес мемлекеттерге тәуелді болатын. Соңғы жылдары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын іске асыру мақсатында республиканың барлық өңірлерін газдандыру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
Елбасының бес әлеуметтік бастамасының соңғы бастамасы « Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру».
Елімізде газ өндіру Тәуелсіздік кезеңінде жылына 8-ден 52 миллиард текшеметрге дейін артты, әрі қарай да өсе түсетініне сенеміз деді Елбасы. Қазір еліміздің тұрғындарының 50 процентке жуығы газбен қамтамасыз етілген, 9 облысқа газ тартылған, — дегенмен орталық және солтүстік өңірлер газсыз отыр.
Газға көшу тек Астананың өзінде зиянды қалдықтардың ауаға таралуын 6 есеге немесе жылына 35 мың тоннаға азайтады.
Бұл жобаны жүзеге асыру әрі қарай өзге өңірлерді де газбен қаматамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жахандық көштің басында жүретін мерейлі ел болу үшін бірлік пен ынтымақ алдымен өзімізге, қазаққа керек. Тарихтың өзі дәлелдеген бір ақиқат бар – халқымыз бірлікте болса күшейген, бірлігі қашса әлсіреген. Дәл осы берекелі бірліктің қазаққа берген пайдасы мол. 26 жылда өзгелерден оқ бойы озып, әлем алдында беделімізді еселеттік. «Сондықтан, бұл жолғы жауапкершілікті де ұлыстардың ұйытқысы болып, өзгеге өнеге көрсетіп атқарса, халықтың атын иеленген Қазақстан көркейіп дами береді», — деді Президент.
Н. БЕКЖАНОВ,
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы
Leave a Reply