САБАҚ ЖОСПАРЫ
Бағдарлама тақырыбы: Әйел және ерлер киіміндегі жеке бөлшектермен түйіндерін өңдеу.
Сабақ тақырыбы: Тігістегі қалтаны өңдеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру.
Өткізу әдісі: Аралас сабақ.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тігістегі қалтаны өңдеу әдісінің технологиялық шарттарын сақтай отырып, қалтаны өңдеуді үйрету. Нұсқау картасымен өз бетінше жұмыс жасауға үйрете баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың білімін тереңдету. Ойлау, есту, сақтау қабілеттерін дамыту, оны қайта жаңғыртуға машықтандыру.
Тәрбиелік: Жұмыс барысында оқушыларды тазалыққа, шыдамдылыққа, ұжымдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
1) Суреттер (тігістегі қалтаның кездесетін жері)
2) «Ойлан тап» атты ойын плакаты.
3. Нұсқау карталары.
4. Тігістегі қалтаның дайын үлгілері.
5. Тігістегі қалтаның өңделу реттілігі.
6. Бұйым эталоны.
7. Тігістегі қалтаның өңделу операцияларының технологиялық суреті презентациялық түрде.
Пәнаралық байланыс: Бұйымды дайындау технологиясы, мата тану, жабдықтау, сызу.
Сабақтың техникалық базасы: тігін машиналары, үтіктер, қайшы, ине, жіп, кептірілген сабын, желім қатырма, мата, сантиметрлі таспа, сызғыш, сөккіш.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі -5 мин
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың сырт көрінісіне назар аудару.
3. ҚР әнұранын орындау.
4. Оқушыларды түгелдеу.
5. Оқушылардың жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруын бақылау.
ІІ. Кіріспе нұсқама шаралары:
1. Бағдарлама тақырыбын хабарлау.
2. Ашық сабақ тақырыбын хабарлау.
3. Сабақтың оқулық мақсатын хабарлау.
4. Өткен сабақты қайталау, жаңа сабақпен байланыстыру.
Топ оқушыларын екі топқа бөліп, жарыстыра отырып, белсенділіктерін арттыру.
Топтар:
1. «Алтын Ине» тобы.
2. «Алтын Жіп» тобы.
І. Қызығушылықты ояту
Жұмбақ оқу арқылы сабақтың тақырыбын ашу:
1. Қандай байлық iшiнде,
Барын өзiм бiлетiн,
Қоймалар көп үстiмде,
Көшiп бiрге жүретiн. (қалталар)
2. Жүрген сайын жүйрігім,
Қысқартады құйрығын (Ине)
3. Жарқылдаған қос қылыш,
Қолға түссе жоқ тыныш (Қайшы)
4. Тұмсығы мықты,
Қырмен ойды тегістеп шықты. (Үтік)
5. Басқаға киін дейді, ал өзі киінбейді (Т.машинасы)
ІІ. «Ойлан тап» ойыны арқылы қайталанады.
Ойынның шарттары:
Екі топ оқушыларына плакаттар таратылады. Оқушыларға ортақ бір тапсырма беріледі. Тапсырмаға 2 мин. уақыт беріледі. Қай топ тапсырмаға көп жауап беретін болса, сол топқа ұпай беріледі.
Тапсырма
1. Рамкалы тілме қалтаның бөлшектерін ата!
1. Негізгі мата
2. Әдіп 2 бөлшек
3. Подзор 1бөлшек
4. Қалта астары 1бөлшек
5. Желімдік қатырма 1 бөлшек,
6. желім бойлама 2 бөлшек
2. Қақпақты тілме қалтаның бөлшектерін ата!
7. Негізгі мата
8. Әдіп 2 бөлшек
9. Подзор 1бөлшек
10. Қалта астары 1бөлшек
11. Желімдік қатырма 1 бөлшек,
12. желім бойлама 2 бөлшек
13. Қақпақ негізгі мата 1 бөлшек
14. Қақпақ астары 1бөлшек
15. Желімдік қатырма қақпаққа жабыстырылады 1 бөлшек
tories/001as1.jpg» border=»0″ />
ІІІ. «Кім жүйрік» сайысы.
Екі топқа да ортақ сұрақтар қойылады. Қай топ көбірек жауап берсе, сол топқа да ұпай саны беріледі.
Сұрақтар:
- · Қалталар бұйымда қандай мақсатта қолданылады?
Ж: Қажеттілік үшін, сәндік үшін.
- · Матаны пішпес бұрын не үшін үтіктейді?
Ж: Қыртысын жазу үшін және отыратын мата болса, отыруы үшін.
- · Қол тігін жұмыстарымен жұмыс жасаған кезе қандай техника қауісіздік ережелерін сақтауымыз қажет?
Ж: Шашымызда орамал, үстімізде алжапқыш, аяғымызда жеңіл аяқ киім, ине және ағылшын инелері арнайы орынға қадау керек, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, қайшының жүзі өткір болуы керек, қайшыны тек сабымен бір бірімізге береміз, сынған инелерді арнайы қорапшаға саламыз, оймақпен жұмыс жасау керек.
- · Қалталар құрылымына қарай нешеге бөлінеді?
Ж: Жапсырма (үшбұрышты, төртбұрышты, овалды), тілме (рамкалы, қақпалы, жапырақшалы), тігістегі қалталар.
- · Жапсырма қалтаның жоғарғы қиығын қалай өңдейміз?
Жауабы: Ашық және жабық қиықты қайырып, тігу арқылы және әдіппен өңдеу арқылы.
- · Рамкалы тілме қалтаны өңдеу үшін қажетті бөлшектер?
Жауабы: Негізгі бөлшек, әдіп 2, қалта астары, подзор, желім қатырма.
- · Рамкалы тілме қалтаның ұзындығы неше см?
Жауабы: 14-15см.
- · Қақпалы тілме қалтада қай бөлшектерде желімді қатырма жапсырылады?
Жауабы: Қақпаққа, желім бойламаға жапсырылады.
- · Қақпалы тілме қалтада қақпақ пен подзор бірдей матадан және негізгі жіп бағыты бірдей болады?
Ж: Өйткені подзор қақпақтың жалғасы болып табылады.
- · Уақытша көктеу тігістері қандай жіппен орындалады?
Ж: №40 мақта жібімен.
- · Шеті қондырылып тігілетін жапырақшалы тілме қалтаның жапырақшасының негізгі жібі қалай өтеді?
Ж: Жапырақшасының негізгі жібі көлденеңінен өтеді.
- · Машина жұмысымен жұмыс жасаған кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?
Ж: Орамал, алжапқыш, жеңіл аяқ киім болуы керек, барлық құрал саймандар қорапшада болуы керек, оқушы мен машинаның арасы 25-30см болуы керек. Денені тік ұстау керек, жарық сол немесе алдынан түсу керек.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы «Тігістегі қалтаны өңдеу». Қалта- Қалта дегеніміз не? — Қалта қандай киімдерге көбірек қажет деп ойлайсыздар – салтанатты киімдер, үй киімдері, жұмыс киімдері? Қалталар қалта — киімнің құрамдас бөліктерінің бірі. Қалталардың өңделуіне карай үш түрі бар-жапсырма, тілме, тігістегі. Орналасуына байланысты қалталар ішкі қалталар (киімнің астарына), және сыртқы болып бөлінеді. Киімнің қай жерінде орналасқанына байланысты: жапсырма қалта, төс қалта, омырау және жан қалта болып ажыратылады. Тігіске түскен қалта, тігіс үстінен жүреді. Мысалы: бүйір, бедер қиықтарының бойында. Қалта аузын кей жерлерде сырмамен де өңдейді. Бұндай қалта тігіс арасында болғандықтан көрінбей тұруы мүмкін.Осындай қалталар: пальто, көйлек, белдемше және т.б киімдерде кездесуі мүмкін.
tories/001as2.jpg» border=»0″ />
Сонымен қалталар бұйымда, киімді сәндік және қажеттілік үшін қолданылады. Қалталар бұйымның бөліктеріндегі орналасқан жеріне, пішілуіне, өңдеу әдістеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Қалталарды конструкциясына қарай үш түрге бөлуге болады. Қима (тілме) қалталар, қиылмаған (тігіс бойымен орналасқан) қалталар, жапсырма қалталар, соның ішіндегі бүгінгі біздің өтіп отырған қалта түрі бұйымның негізгі бөлігіндегі тігіс, бедер, қатпар бойымен орналасқан қалталарды қиылмаған қалта деп санайды. Бұл қалта қақпақпен, жапырақшаларымен, сыдырмаларымен, астармен өңделеді. Ал қалтаны өңдеу үшін мынадай бөлшектер қажет: негізгі бөлшек (2), қалта астары (2), желім қиынды, желім бойлама қажет. Негізгі бөлшек пен қалта астарының негізгі жіп бағыты тігіннен өтеді. Ал желім қиынды мен бойламада көлденең өтеді.
Қалтаның түрлері
tories/001as3.jpg» border=»0″ />
Қалта төмендегідей реттілікпен өңделеді:
1. Қалтаның кіру сызығын белгілеу.
Бедерлі тігістің сызықтарының боймен қалтаның кіру сызықтарын екі белгімен белгілейді және екі перпендикуляр сызығымен белгілейді.
tories/001as4.jpg» border=»0″ />
2. Желім қиындыны жапсыру.
Желім қиындыны қалтаның қайтару сызығынан берілген тігіс еніне қарай 0,1-0,2 см қашықтықта жапсыру. Желім қиындыны бақылау белгілерін 1см жауып тұруы тиіс.
tories/001as5.jpg» border=»0″ />
3. Желім бойламаны жапсыру.
Бүйір бөлігінің теріс бетіне қалтаның кіру сызығын 2-3см жабылуы тиіс, және де бақылау белгілерін 1,0-1,5см жауып тұруы тиіс.
tories/001as6.jpg» border=»0″ />
4. Қалта астарын қалтаның қосымшасына қосып тігу.
Қалтаның астарын (астар жағынан) екі қосымшаға тігіс еніне 0,7-1,0 см қашықтықта құрап тігеді. Қосымшаны астарға қарай қайыра үтіктейді.
tories/001as7.jpg» border=»0″ />
5. Бедерді қайып тігу.
Бедерді бақылау белгілеріне дейін қайып тігеді, ал қалта астарын қайып тікпейді және қалта ауызын көмекші уақытша тігіспен қайып тігеді.
tories/001as8.jpg» border=»0″ />
6. Бедерлі тігісті айыра үтіктеу.
Дымқылды шүберектің көмегімен бедерлі тігісті теріс бетінен айыра үтіктеу.
tories/001as9.jpg» border=»0″ />
7. Қалта шетіне көркем сәнді тігіс жүргізу.
Қалтаның кіру сызығында көркем сәндік тігісті басында және соңында бекітпесіз тігеді, жіптерді теріс бетіне иненің көмегімен аударады, тігіс ені 0,5-1,0 см аралағында береді. Көмекші уақытша тігісті сөгіп тастайды да, бастыра үтіктейді.
tories/001as9.jpg» border=»0″ />
8. Бедер мен қалта астарын қайып тігу.
Алдыңғы бой бөлшектерін оң беттерімен беттестіріп, ортаңғы бөлік бетінен қайып тігеді, бір мезетте қалта астарын қоса қайып тігеді, міндетті түрде басында және соңында бекітпе береді.
tories/001as11.jpg» border=»0″ />
9. Қалта бүктемесін бекіту, ылғалды жылумен өңдеу.
Қалта бүктемесінің үстінен, қалта аузының шеттеріне бекіту мақсатында бекітпе беру. Дайын қалтаның үстінен ылғалды жылумен бастыра үтіктейді.
tories/001as12.jpg» border=»0″ />
Жаңа сабақты бекіту.
Жаңа сабақ түсінікті болса, онда моншақ тізу ойыны арқылы бекітейік: Ойынның шарты екі топқа бірдей сұрақтар беріледі жауап берген оқушыға 1 моншақ беріледі. Ол моншақтарды өз ұяшықтарына салады. Қай топ моншақтарды көп жинаса сол топ жеңімпаз.
tories/001as13.jpg» border=»0″ />
- Қалта қандай киімдерге көбірек қажет?
Ж: Үй киімдеріне және жұмыс киімдеріне қажет. Көйлек, белдемше шалбар, күртеше,пальто т.б сырт киімдерде.
- Қалталардың өңделуіне карай қанша түрі бар?
Ж: Үш түрі бар-жапсырма, тілме, тігістегі
- Тігістегі қалтаны өңдеу үшін қандай бөлшектер қажет екен?
Ж: Негзгі бөлшек (2), желім қиынды, желім бойлама.
- Қалта аузының ұзындығы неше см болады екен?
Ж: 14-15см.
- Қалта астарын қалтаның қосымшасына неше см-де құрап тігеді екенбіз?
Ж: 0,7-1,0см-де.
- Желім бойламаны қалай жабыстырамыз?
Ж: Бүйір бөлігінің теріс бетіне, қалтаның кіру сызығын 2-3см-ге жабылуы тиіс және де бақылау белгілерін 1,0-1,5 см-ге жауып тұруы керек.
Оқушылардың еңбек тәсілдерін көрсету.
1-тәсіл. Негізгі матада қалтаның кіру сызығын белгілеп, желім қатырманы жапсыруды көрсету.
Негізгі матада бедерлі тігістің сызығының бойымен 15см қалтаның кіру сызықтарын екі шектеуші сызықпен белгілеймізм және желім қиындыны ортаңғы бөлікке қалтаның кіру сызығын 0,1-0,2 см-ге жеткізбей және шектеуші бақылау сызықтарын 1см асырып жапыстырамыз. Ал желім бойламаны бүйір бөліктің теріс бетіне қалтаның кіру сызығын 2-3 см-ге жабуы тиіс. Бақылау белгілерін 1-1,5 см жауып, жапсырамыз.
Жұмыс орындарын тексеру: қалтаның кіру сызығын дұрыс белгіліп, желім қиынды мен бойламаны тура жапсыруын тексеру.
2-тәсіл. Қалта астарын қалтаның қосымшасына құрап тігуді көрсету.
Қалтаның астарын (астар жағынан) екі қосымшаға тігіс 0,7-1см қашықтықта құрап тігеміз. Қосымшаны астарға қарай қайыра үтіктейміз.
Жұмыс орындарын тексеру: Қалта астарын бекітпе бере отырып, түзу тігуін қадағалау.
3-тәсіл. Бедерді қайіп тігу және айыра үтіктеуді көрсету.
Бедерді бақылау белгілеріне дейін қайіп тігеміз, ал қалта астарын қайір тікпейміз және қалта ауызын көмекші уақытша тігіспен қайіп тігеміз де дымқылды шүберек көмегімен бедерлі тігісті айыра үтіктейміз.
Жұмыс орындарын тексеру: Бақылау белгілерінне дұрыс қайіп тігулерін тексеру.
4-тәсіл. Қалта шетіне көркем сәнді тігіс жүргізуді көрсету.
Қалтаның кіру сызығына көркем сәндік тігісті басында және соңында бекітпесіз тігеміз, жіптерді теріс бетіне иненің көмегімен аударамыз, ал тігіс ені 0,5-1см аралығында береміз. Көмекші уақытша тігісті сөгіп тастаймыз да бастыра үтіктейміз.
Жұмыс орындарын тексеру: Көркем сәндік тігісті бекітпесіз тігуіг және дұрыс теріс бетіне аударуын қадағалау.
5-тәсіл. Бедер мен қалта астарын қайып тігуді көрсету.
Алдыңғы бой бөліктерін оң беттері мен беттестіріп, ортаңғы бөлік бетінен қайып тігеміз, міндетті түрде басында және соңында бекіте береміз.
Жұмыс орындарын тексеру: Бекітпе бере отырып, технологияға сай қайып тігуін тексеру.
6-тәсіл. Қалта бүктемесін бекіту, ылғалды жылумен өңдеуді көрсету.
Қалта бүктемесінің үстінен, қалта аузының шеттеріне бекіту мақсатында бекітпе береміз. Дайын қалтаның үстінен ылғалды жылумен бастыра үтіктейміз.
Жұмыс орындарын тексеру: Бекітпені дұрыс берулерін, бастырып үтіктеулерін қадағалау.
Оқушылардың жұмысын тексеру, бағалау, қорытынды нұсқау жұмыстарын әзірлеу.
ҚОРЫТЫНДЫ НҰСҚАУ ШАРАЛАРЫ
- Күні бойы оқушылардың орындаған жұмыстарын шебер бағалайды. Жасаған жұмыстың сапасын, тазалығын, оқушының тәртібін, білімін ескере әділ бағасын қояды.
- Әр жұмысқа жасаған қателіктерін ескере бағасы қойылады:
а) «Өте жақсы» деген бағаға ешбір қатесі жоқ, технологиялық шарттарға сай үлгі.
ә) «Жақсы» деген бағаға бір екі қателіктері бар үлгі сай.
б) «Қанағаттанарлық» деген бағаға бір емес бірнеше қателіктері бар жұмыс болып табылады.
3. Ортақ қателіктерді, ақауларды атап, шешу.
ІV. Үйге тапсырма беру. Тігістегі қалтаны өңдеу.
Жадыра Балқыбекқызы МЫРЗАБЕКОВА,
Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің өндірістік оқыту шебері.
Leave a Reply