Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу есебінен денсаулық сақтауды қаржыландырудың едәуір өсуі көптеген сұранысқа ие бағыттар бойынша медициналық көмек көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Мәселен, бейінді дәрігерлердің консультациялары, КТ/МРТ, рентген және диагностиканың басқа да түрлерінің қызметтері сақтандырылған азаматтарға МӘМС жүйесінде емдеуші дәрігердің жолдамасы бойынша көрсетіледі. Олар үшін қосымша ақы талап етілмейді. Егер емхана осы қызметтерді өзі ұсына алмаса, онда оны орындау шарты бойынша пациентке басқа клиникада қабылдауды қамтамасыз етуі қажет.
Өткен жылдың 12 айында пациенттер 747 мың комьютерлік томография сеансын алды(2020 жылы-232 мың қызмет көрсетілген). Ал, МРТ зерттеулері бойынша 554 мың қызмет көрсетілді (2020 жылы — 218 мың қызмет алынған). Нәтижесінде, компьютерлік томография қызметтерінің саны 3 еседен астамға өсті.
Сонымен қатар, өткен жылы бейінді дәрігерлер тарапынан 35 млннан астам консультация берілді. Ал, 2020 жылы дәрігерлер 29 миллионнан астам қабылдаулар өткізген болатын. ал бір жылдан кейін тар бейінді дәрігерлердің консультацияларының саны 35 миллионнан асты. 2021 жылы 15 млн-нан астам диагностикалық зерттеулер жүргізілді (2020 жылы 9,9 млн қызмет көрсетілген).
Пациентке консультациялық-диагностикалық қызметті емдеуші дәрігер тағайындайды. Яғни, дәрігер алдымен науқастың жағдайын, шағымдарын, аурудың белгілерін зерттейді. Тиісті көрсетілімдер болған кезде дәрігер КТ, МРТ немесе басқа да зерттеулер жүргізуге жолдама береді. Сондай-ақ, қызметті жоспарлы түрде алу үшін пациент МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебеге ие болуы тиіс.
ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде қызмет көрсететін медициналық ұйым Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен тиісті шарт жасасады және пациенттерге осы қызметтерді ұсыну бойынша міндеттемені орындауы тиіс.
Егер медициналық ұйымда консультациялық-диагностикалық қызметі болмаса, онда медициналық ұйым бірлесіп орындаушыны тартуға міндетті. Егер бірлесіп орындау шарты ешкіммен жасалмаса, онда пациентті осы қызмет түрі бойынша Қордың Өнім берушілерінің біріне жіберуге тиіс. Шарт бағыт бойынша қызмет көрсету қорытындылары бойынша автоматты түрде жасалады.
Биылғы жылға республика көлемінде халыққа медициналық көмекті қаржыландыруға 2,049 трлн теңге, оның ішінде ТМККК бойынша – 1,2 трлн, МӘМС бойынша – 838 млрд теңге бағыттау жоспарлануда.
Яғни, консультациялық-диагностикалық қызметтерді қаржыландыру көлемі артатын болады. Бұл мақсаттарға 231 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылады.
Егер сізде консультациялық-диагностикалық қызметтерді алуға қатысты сұрақтар туындаса немесе сіз оларды көрсетуге қол жеткізе алмасаңыз, онда өз емханаңыздың Пациентті қолдау қызметіне хабарласуыңыз қажет. Ұзақ күтуге байланысты өз аймағыңызда томографиядан немесе басқа да қызметтерден өту мүмкіндігі болмаған жағдайда, сіз өз аймағыңыздың денсаулық сақтау басқармасындағы жағдайды нақтылай аласыз. Егер мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса, онда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өзіңізге ыңғайлы тәсілмен өтініш беріңіз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
А.Бейсенбаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыпу қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалның директоры
Leave a Reply