Сабақтың тақырыбы: Сағат, минут.
Сабақтың мақсаты: уақыттың өлшем бірліктері-сағат және минутпен, олардың арақатынасымен таныстыру, уақытты сағат бойынша анықтай алуға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушыларды ойланту, ізденіске салу, ойын тұжырымдау арқылы зейінін, ойлау, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттеін, ой-өрістерін дамыту.
Тәрбиелігі: Уақыттың маңыздылығын түсіндіре отырып, оны күнделікті өмірде мақсатты, мазмұнды пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, жұмбақ, оқулық, сурет, кесте, сағат түрлері.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
ІІ.Өткенді пысықтау.
а)Өткен сабақты бекіту(бірнеше сұрақтарға жауап алу).
б)Оқушыларды топқа бөлу.
І-топ ІІ-топ ІІІ-топ
«Білгірлер» «Алғырлар» «Тапқырлар»
Ұранымыз: Біріміз бәріміз үшін,
Бәріміз біріміз үшін!
-Бір жылда неше мезгіл бар?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қай айы?
-Осы айда қандай мерекелер бар?
-Біз қандай елміз?
-Тәуелсіздігімізге биыл неше жыл?
-Жақында ел басымыз халыққа қандай жолдау жолдады?
-Онда біздің жарқын болашағымыз үшін неге басты назар аударды?
-Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білу үшін сендерге жұмбақтар жасырамын.
Жұмбақ. Сырт-сырт етеді,
Құлағыңнан өтеді.(сағат)
ІІІ.Жаңа сабақ. Сағат, минут.
а)Сағаттың шығуы туралы мәлімет. Алғашқы механикалық сағаттардың тек бір ғана сағаттық тілі болған. 1404 жылы Мәскеуде Кремльде тұңғыш мұнара сағаты орнатылды.
б)Сағаттың үш тілі барын көрсету. Ең кіші тілі сағат, үлкен тілі минут, ең үлкен тілі секундтты білдіретінін түсіндіру.Үлкен тілі толық бір рет айналып шыққанда 60 минут, кіші тілі тура сағатты көрсетеді. 1сағатта 60 минут бар.
в) Оқулықпен жұмыс.
1-мысал. (ауызша) Бекзаттың іс-әрекетінің ретін анықтау.
2-мысал. (ауызша) Сағат қанша?
3-мысал. (ауызша)
4-мысал. Сағатпен, сағат және минутпен өрнекте.
1сағ 20 мин= 80мин 1сағ 40мин= 100мин
90 мин= 1сағ 30мин 1сағ 30 мин= 90мин
1сағ 10 мин=70 мин 70 мин= 1сағ 10мин
IV.Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық,
Иіліп солға бір,
Иіліп оңға бір,
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Ойын. Кім ұшқыр?
23-3+40+8+10-70-6+30=32
7+9+10-2+80-4+20+5+60=65мин=1сағ 5мин
13-8+50-5-40-7+60-3+7=97=1сағ 37мин
5-мысал.Теңдіктер тура болатындай жақша қой.
10-(6+4) =0 (12-9)-3=0 (14-8)-6=0
(10-6)+4=8 12-(9+3)=0 14-(8-6)=12
6-мысал. Логикалық тапсырма.
Көлден ұшты 40 қаз
Қайтып қонды 15 қаз
Қонбады оның нешеуі ?
Қане, кім тез шешеді? (25 қаз)
11 түйе, 5 жылқы
2 сиыр, 4 ешкі
3 қоян, 3 түлкі
Болды сонда нешеуі? (28)
Ойын. Кім жылдам? (1минутта)
І-топ ІІ-топ ІІІ-топ
«Білгірлер» «Алғырлар» «Тапқырлар»
Сөздер жазу. Тіктөртбұрыш салу Шаршы салу
Дыбыстық талдау. Не себепті тіктөртбұрыш? Не себепті шаршы?
V.Сәйкестендіру тесті.
1. 1ғасырда 60 минут
2. 1жылда неше күн бар? 24 сағат
3. 1жылда неше мезгіл бар? 7 күн
4. 1айда 100 жыл
5. 1аптада 30 күн
6. 1тәулікте 4 мезгіл
7. 1сағатта 365,366 күн
VI. Сабақты қорытындылау.
-Біз не білдік, не үйрендік?
VII. Бағалау.
VIIІ. Үйге тапсырма: 6-тапсырма
Leave a Reply