Мектеп табалдырығын алғаш аттау - әрбір баланың өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Жаңа білім мен таным әлеміне жол ашылуы оның күнделікті өмір тіршілігіне өзгеріс кіргізеді.
Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен елімізде бірінші сыныпқа баратын балаларға бірдей бастапқы мүмкіндік беру мақсатында мектепалды дайындыққа арналған «Балақайлар мектебі» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама балалардың оқу процесіне сәтті бейімделуі мен болашақта қажетті дағдыларын дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған.
Осы орайда, Шымкент қаласы білім басқармасының Т. Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясында балалардың мектепте оқуға ынта-ықыласын арттыру, зияткерлік, эмоционалдық-еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын қалыптастыру, бірінші сыныпта табысты бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында бірінші сынып оқушылары үшін «Балақай мектебі» ашылып, кішкентай бүлдіршіндерді қарсы алды.
Аталған білім ұясында бірінші сынып алдында балалардың бастапқы мүмкіндіктерін бағамдау үшін келесі қадамдар ұйымдастырылған:
- Баланың мектепте оқуына эмоционалды-оң көзқарасты қалыптастыра отырып, болашақ мектеп оқушысының тұлғасын «мектепалды даярлық – бастауыш мектеп» сабақтастық қағидасын сақтау,
- Баланы үстелге отырғызуға қойылатын гигиеналық талаптармен, қолдың орналасуымен таныстыру, қағаз бетінде бағдарлау дағдыларын қалыптастыру, қолдың ұсақ моторикасын және көз өлшегішті дамыту;
- Қарапайым математикалық көріністерді қалыптастыру, танымдық процестерді дамыту (зейін, есте сақтау, қабылдау, қиял, шығармашылық қабілеттердің ойлауының өзгергіштігі), ақыл-ой әрекеттерін үйрету (талдау, синтез, салыстыру, жалпылау).
- Табиғаттан және суреттен мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру, модельдеу әдістерінде жаттығу, пропорцияларды беру, командада жұмыс істеуге үйрету, өз жұмысын және басқа балалардың жұмысын бағалау жұмыстарын жүргізу.
Балалардың мектепке бейімделуін жеңілдететін бұл қысқа мерзімді дайындық процесі педагогтердің болашақ оқушыларымен жақынырақ танысуына да септігін тигізеді. Сонымен қатар, отбасы мен мектептің ортасында орнаған өзара сабақтастық байланыс пен сенімді нығайтады. Өз кезегінде ата-ана мен мұғалім арасындағы ашық қарым-қатынас баланың дамуына оң әсер етеді. Баланың мектепке дұрыс бейімделуі оны оқудағы жетістіктерге жеткізеді.