Шымкенттік педагог «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атанды

Авторы:

02.10.2025

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген түрлі сала өкілдерін, соның ішінде білім беру жүйесінде аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарды мемлекеттік наградалармен марапаттау үшін салтанатты жиын өткізді. Бұл шара – ұстаздардың қоғамдағы мәртебесін арттыруға, олардың өлшеусіз еңбегін бағалауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Президент өз сөзінде ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген түрлі сала өкілдерін, соның ішінде білім беру жүйесінде аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарды ерекше ілтипатпен атап өтті. Сондай-ақ ұстаздар қауымының жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі маңызын айрықша атап, олардың кәсіби біліктілігі мен адалдығы ел болашағының берік іргетасын қалауда шешуші рөл атқаратынын айтты. Осыған орай, білім саласына қосқан өлшеусіз еңбектері үшін бірқатар педагогтерге мемлекеттік наградалар табысталып, олардың кәсіби шеберлігі мен ел болашағына қосқан үлесі жоғары бағаланды.

Бұл марапаттар – ұстаздардың жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі табандылығы мен қажырлы қызметінің айқын айғағы. Олар тек білім беріп қана қоймай, өскелең ұрпақты елжандылыққа, еңбекқорлық пен адамгершілікке баулуда өлшеусіз үлес қосып келеді. Мұндай жоғары деңгейдегі марапаттар – мұғалім мамандығына деген қоғамның құрметі мен сенімінің белгісі, әрі ұстаздар қауымының беделін биіктете түсетін маңызды қадам.

Бұл күн Шымкент қалалық ағарту саласы қызметкерлері үшін азат еліміздің рухын асқақтатар айтулы күнге айналды. Себебі, мерейлі іс-шара шеңберінде  Шымкент қаласы, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлмира Шералхан мәртебелі марапат төрінен табылды. Анығын айтқанда,  Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы шешімімен «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болды. Осылайша, ол талай жыл бойы төккен терінің лайықты бағасын алып, кәсіби мерекесінде мемлекеттік деңгейдегі құрметке қол жеткізді. Оның ұлағатты ұстаз ретінде қоғамдағы орны мен рөлі тағы бір мәрте нақтыланды.

Бұл мәртебелі атақ –ұстаздың көп жылғы адал еңбегі мен өскелең ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына қосқан зор үлесінің жоғары деңгейде мойындалуы. Мұндай марапат – тек жеке тұлғаның ғана емес, жалпы ұстаздар қауымының қоғамдағы рөлінің ерекше екендігін айқындайтын биік бағалаудың белгісі. Сондай-ақ бұл педагогтардың қажырлы еңбегін ел танып, құрметтеуімен қатар, білім саласының маңыздылығын одан әрі арттыруға, өскелең ұрпақты сапалы білім нәрімен сусындатуға бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты көрінісі ретінде де өлшенеді.

Салтанатты рәсім барысында Мемлекет басшысы марапат иелерін шын жүректен құттықтады. Ұстаздар қауымына зор алғыс білдіре отырып, олардың еңбегі әрқашан мемлекет тарапынан қолдау табатынын атап өтті. Президент өз сөзінде ұстаз – ұлттың рухани тірегі, қоғам дамуының басты қозғаушы күшінің бірі екенін тілге тиек ете  келе, білім беру саласын дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін ерекше атап айтты. Бұдан бөлек, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін арттыру, еңбек жағдайын жақсарту және кәсіби дамуына жан-жақты жағдай жасау алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.