Қазіргі заманда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және балалардың білімге деген құштарлығын ояту ерекше маңызды. Баланың ой-өрісін кеңейтіп, рухани дамуына әсер ететін кітап оқу дағдылары ерте жастан қалыптасуы тиіс. Бұл арқылы балалар өздігінен білім іздеуді үйреніп, шығармашылық қабілеттерін дамыта алады.
Осыған байланысты Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында 1-сынып оқушыларына арналған танымдық-тәрбиелік шара ұйымдастырылды.
Бұл іс-шараның басты мақсаты –бастауыш сынып оқушыларын кітапхана ұғымымен таныстыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру және кітапқа деген қызығушылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеуге бағытталды. Сонымен бірге, балаларды кітап оқуға тарту арқылы олардың білім алуға деген ынтасын арттыру және мектеп кітапханасына қатысты мәдениетті қалыптастыруға да ерекше мән берілді.
Танымдық сағат барысында балалар кітапхананың құрылымымен, кітапханашының еңбегімен, кітап қорымен және оның ережелерімен жан-жақты танысты. Осы арқылы олар кітапханадағы заттардың әрқайсысының маңызын түсініп, кітаптарды ұқыпты пайдалану мен сақтаудың маңызды екенін сезінді. Сонымен қатар, шара қызықты ертегі қойылымымен жалғасты. Оған ойындар, сұрақ-жауап пен сергіту сәттері қосылып, оқушылардың зейінін арттырып, қатысу белсенділігін жоғарылатты. Бұл іс-шара балалардың ойлау қабілеті мен тілдік дағдыларын дамытуға ықпал жасап қана қоймай, олардың оқу мен жаңашылдыққа ұмтылысын қалыптастырып, заманауи талаптарға сай бәсекеге қабілетті тұлға болып өсуіне мүмкіндік береді.
Шара барысында балалар өздерінің сүйікті кітаптарын таңдап, кітап әлеміне алғашқы қадамдарын қуанышпен басты. Бұл іс-шара жас ұрпақтың бойында кітапқа деген сүйіспеншілік пен оқу мәдениетін қалыптастыруға, рухани дүниесін байытуға бағытталды. Сонымен қатар, олардың кітап оқуға деген қызығушылығы пен жауапкершілігін арттыра отырып, болашақта үздіксіз білім алу және өзін-өзі жетілдіру дағдыларын дамытуына жол ашты.
Алдағы уақытта №79 мектеп кітапханасының ұжымы балалардың білім мен тәрбиеге деген қызығушылығын арттыруға арналған іс-шараларды жүйелі түрде өткізуді жоспарлап отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуға, оларды рухани және интеллектуалдық тұрғыда жан-жақты жетілдіруге оң ықпал жасайтыны анық.