Жас оқырмандар кітап әлеміне сапарлады

Авторы:

13.10.2025

 

Оқушылардың рухани дүниесін байыту, ой-өрісін кеңейту және кітап оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру жүйесінің маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта Шымкент қаласы білім басқармасының №136 жалпы орта білім беретін мектебі шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 1 сынып оқушыларына арналған «Кітапханаға алғашқы қадам» атты танымдық саяхат ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – 1-сынып оқушыларын кітапхана жұмысымен таныстыру, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімнің негізгі қайнар көзі – кітап екенін ұғындыру және кітапты күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Кітапханаға алғаш рет келген кішкентай оқушыларды кітапханашы 
жылы қарсы алып, кітапхана ережелерімен, кітап қорының байлығымен және кітаптардың орналасу тәртібімен таныстырды. Балаларға түрлі тақырыптағы ертегілер, әдеби шығармалар, энциклопедиялар мен әдемі иллюстрацияланған суретті кітаптар ұсынылды.

Іс-шара барысында оқушылар өздеріне ұнаған кітаптардың мазмұнымен танысып, қызықты кейіпкерлер туралы пікір алмасты. Кітапханашы балаларға кітапты қалай дұрыс ұстау, жыртпау, белгі қоймау, таза ұстау сияқты қарапайым ережелерді түсіндірді.

Бұл іс-шара – жас оқырмандардың кітап әлеміне деген алғашқы сапары. Бұл олардың бойында оқу мәдениетін қалыптастыруға, кітапқа деген сүйіспеншілікті оятуға зор үлес қосады. Балалар оң әсер алып, кітапханаға келуге ынталанатын болады. Мұндай игі шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына, мәдени құндылықтарды қадірлеуге және білімге деген құштарлықтарын арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ. 

«Балалар кітапханасы» жобасы – Қазақстанда мектепішілік кітапханаларды дамыту және оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған ұлттық бағдарлама. Негізгі бағыттары: мектеп кітапханаларын көркем-әдебиет, оқуды насихаттайтын басылымдармен толықтыру; оқушыларға ұсынылатын кітаптар тізбесін әзірлеу; мектептерде «белгіленген» кітап қорын қалыптастыру, кітапхана қызметін жаңғырту; кітаптарды оқуға қолжетімді ету, кітапханалық іс-шараларды ұйымдастыру; балалардың рухани, мәдени және білімдік дамуына үлес қосу, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Аталған жоба аясындағы іс-шараларды өткізуге мектеп кітапханашылары, сынып жетекшілері, білім беру ұйымдарының өзін-өзі басқару ұйымдары қатысады.